Қайран, халықтың ақшасы-ай…

Oinet.kz 28-10-2010 1193

акша-акша-акша.jpg

Құдай біледі, егер Төлеген Мұхамеджанов ауылда тұрғанда күн сайын қой сойып, құда шақырып, төңірегінің бәрін даңғаза тойға толтырып жіберер ме еді?!.  Қазақ қонақшыл, сауықшыл халық қой, бірақ, бұл сенатор мырзаның құда, қонақ күтуге деген құмарлығы тым ерекше. Әлде бұл о бастан-ақ Мұхамеджановтың маңдайына жазылған тірлік пе?! Елорда әкімінің орынбасары кезінде жұрт у-шу тойдан, от шашудан көз ашпай, Төлеген ағамыз Астананың «асабасы» болып кеткен-ді. Сол тұстары «Төлеген-пати» атағын арқалаған Мұхамеджанов Парламент партасында отырып та форум, симпозиум, фестиваль өткізу секілді сүйікті ісінен қол үзген жоқ. Әйтсе де, «бояушы бояушы дегенге сақалын бояйды» деген, кейде Төкеңнің шектен тыс шығып кететіні бар. 

Таяуда оның айрықша атсалысуымен Астанада өткен Рухани форумға  «дүниежүзілік», «халықаралық» және «ғаламдық» деңгейдегі экстрасенстер, сектанттар мен клоундар, бас-аяғы 474 «көрнекті қайраткер» қатысты.  Осы сабаздар Астананың төрінде бірнеше күн бойы рухани мәдениет мәселелерін талқылаумен болды. Не айтып, не қойғанын білмейміз, білетініміз - әлемнің 70 түрлі елінен қонақ шақырып, оларды жайғастырып, күтуге мемлекет есебінен қыруар қаржы кеткені  айтпаса да түсінікті. Қайран, Сіз бен Біздің төлеген салығымыздан құралатын бюджеттің қаржысы, нақтырағы халықтың ақшасы-ай...

Атаңа не көрсетсең, алдыңнан сол шығады
Қаржы полициясының полковнигі өз-өзіне қол жұмсады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу