Жамбыл облысында түрмеге адам сыймай жатыр

Oinet.kz 07-08-2009 838

Screenshot_11.jpg

Жамбыл облыстық мамандандырылған прокуратурасының тексеру кезінде 1200 орынға лайықталған 158/2 жалпы режимдегі колониясында 1348 адамның отырғаны анықталды. Яғни, бұл мекемедегі жаза өтеушілердің саны 148 адамға артық деген сөз. Ал, 950 орындық ерекше режимдегі колонияда 1002 адам (52 адамы артық) бар болып шықты. 

Жалпы облыстағы түзету мекемелерінде 3975 адам жазасын өтеп жатса, оның 1822-сі (45 пайызы) жергілікті тұрғындарды құрайды. 

Прокурорлар түрмедегі адамдарды санының артып кетуін Қылмыстық атқару жүйесі комитеті қызметкерлерінің өз міндеттеріне салғырт қарауынан деп түсіндіріп отыр. Мәселен, колониялардағы сотталғандар белгілі бір уақыттан кейін жазасын қоныс колониясында немесе шартты жазада өтеуге құқылы. Ал, жоғарыдағы комитеттің Жамбыл облыстық басқармасының қызметкерлері осы жөніндегі  құжаттарды дер кезінде сотқа жолдамаған. Биыл прокуратура осындай жайттарды анықтап, нәтижесінде 37 жаза өтеушінің құжаттары сотқа жолданған, соның арқасында олар мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды немесе қоныс колониясына ауыстырылды. 

"Рейтинг" газеті

Адамдардың тең жартысы қандай аурудан қаза табады?
Ермек Дәрменов: «Үлкен футбол балалар спортынан басталады»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу