Өтініштерді қараудың өз тәртібі бар

Oinet.kz 20-06-2017 966

Өтініш.jpg

Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына түрлі өтінішін білдіру мақсатында немесе ұсыныспен келетін жеке және заңды тұлғалар аз емес. Арыз-шағымын арқалап келетіндер де баршылық. Әрбір азаматты қабылдау немесе өтініштерді қарау заң шеңберінде жүзеге асырылатыны мәлім. Осы орайда, заңда өтініштің барлық түріне анықтама берілгенін айта кетелік. Сондай-ақ, өтінішті есепке алу, қабылдау, қарау, тіркеуге қатысты да айқындама берілген. Өтініштерге берілетін жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сілтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негізделген және дәлелді, мемлекеттік тілде немесе өтініш берілген тілде болуы, арыз берушінің қабылданған шешімге шағым жасау құқықтарын түсіндіре отырып, оның дәлелін жоққа шығаратын немесе растайтын нақты деректерді қамтуы тиіс.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу жауаптылыққа әкеп соғады. Осы арада айта кетелік, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтарды алдын-алу мақсатында әр-бір мемлекет қызметшісі еліміздің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдары мен Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі талаптарын сақтауға, орындауға міндетті және жетік меңгерулері керек. Бұл бағытта біздің басқармада бірқатар жұмыстар атқарылуда. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу бойынша қабылданған іс-шаралардың толыққанды орындалуына үнемі бақылау жасалып, қызметкерлердің құқықтық сауатын арттыруға ерекше мән беріліп келеді. Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының сенім телефоны (51-01-71) жұмыс істеуде. Қызметкерлердің жауапкершілікті терең сезінуі, міндетін мінсіз атқаруы, адалдықтан ауытқымауы біріншіден өз тәрбиесіне, санасына тікелей байланысты. Дегенмен, ортаның белгілі бір әсері болады. Сондықтан ұжымның халыққа қызмет етуде заң шеңберінде барлық талапты сақтай отырып жұмыс істеуі маңызды. Әрбір қызметкеріміз сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға міндетті екенін, сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеу қажеттігін жақсы біледі.     

Баян Тулгабаева, 

Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы

Тарихи дерек шындығы
Бізден сізге не керек? Бизнес-тренерлер нені көздейді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу