Тоқаев қазақстандық банктер арқылы 7 трлн теңгенің шетелге өткенін сынады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінде арнайы жиын өткізді. Жиында коммерциялық банктердің заңсыз, күмәнді операцияларына бақылауды күшейту қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған Оinet.kz порталы.

"Жақында төраға Элиманов қазақстандық банктердің бірі арқылы былтыр көршілес елден басқа мемлекеттерге 7 триллион теңгеден астам қаржы "жөнелтілгені" туралы баяндады. Менің ойымша, бұл заңға, экономикаға, тіпті саясатқа қайшы келетін ерсі жағдай.
Өкінішке қарай, мұндай алаяқтық қаржы схемаларына қатысты фактілер азаймай тұр. Осыған дейін айтқанымдай, бұл кесел әлеуметтік саланы да жайлады. Мемлекет қаржысын жымқырушылардың заңды белден басқан қомағай әрекеті еш ақылға сыймайды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


