Балғынбек Имаш Дикий Арманды танитынын айтты

Oinet.kz 28-01-2026 69

Танымал айтыскер ақын Балғынбек Имаш қылмыс әлемінде "Дикий Арман" лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиевті танитынын мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

655f1997a5483435718457.jpeg

Желілерде Балғынбек Имаштың Дикий Арманды мүлде танымаймын деген сөзі таспаланған видеосы кең тарап еді. 

"Мен оны танымаймын, ондай жігіт бар екенін білмейді екенмін" - деген сөзбен басталатын видеоның соңында айтыскер ақынның Арманға арнаған өлеңімен аяқталады. 

«Адамзаттың ақылы талғамда тұр, 18-ші қабаттан биік шығып, абадандар, мінекей заңғарда тұр. Осындай азаматтар құрметіне, Балғынбек жырдан шашу арнап жатыр. Бодан болып, арманы өлген қазағымның арманын тірілтті ғой Арман батыр», – деп арнау айтқан.

Осы видеоны көрген көрермендер Балғынбек Имашты қатаң сынап, оны екіжүзді деп айыптаған еді. 

Күні кеше айтыскер ақын әлеуметтік желісінде әзіл өлең айтқан пост жариялады. Видеода ол Дикий Арман туралы айтқан сөзі контексттен жұлып алынғанын, монтаж сәтті қолданылғанын жеткізеді. Соның салдарынан Балғынбек Имаштың абыройына нұқсан келді. Ал шындығында ол Дикий Арманды таниды, сұхбатты толық көргендер оны дәлелдей алады екен. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Balgynbek Imash (@balgynbek_imash)

Өгей қызын зорлап, артынан өз-өзіне қол жұмсаған
«Кіршіксіз жаныма түкіріп жібергендей болды» Танымал журналист «Нурикамал» қойылымын сынға алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу