Өгей қызын зорлап, артынан өз-өзіне қол жұмсаған
Маңғыстау облысында 13 жастағы қыз зорлық көргені туралы ақпарат тарады. Бұл жағдайға өңірдің Полиция департаменті өкілі пікір білдірді, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

24 қаңтарда 102 жедел арнасының кезекші пультіне 13 жастағы қыз балаға жыныстық сипаттағы қылмыс жасалғаны туралы арыз түскен.
"Алдын ала мәліметке сәйкес заңға қайшы әрекетті оның өгей әкесі жасағаны анықталды. Ол 2026 жылғы 20 қаңтарда өз-өзіне қол жұмсаған", - деді полиция.
Бұл дерек бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігі (Кәмелетке толмағанды зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғаған.
"Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етілмейді", - деді полиция.
Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында ер адам үйінің ауласынан өлі табылды. Оқиға Шетпе ауылындағы жекеменшік үйде болған.


