Германияда ресейлік скрипкашының концерті Украинаның сұрауымен өтпейтін болды

Oinet.kz 27-01-2026 46

Германияның Мангейм қаласындағы филармониялық оркестр ресейлік скрипач Вадим Репинмен бірге жоспарланған концертін өткізбейтін болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі DW-ға сілтеп.

Screenshot_2.jpg


22 ақпанда Мангеймнің Розенгартен залында Сергей Прокофьевдің екінші скрипкалық концерті болуы тиіс еді.

Концерттің өткізілмеуіне Украина елшілігінің Мангейм әкіміне жолдаған үндеуі себеп болды. Белгілі болғандай, концерт Ресейдің Украинаға басып кіруінің төртінші жылдығына сай келді. Елшілік өкілдері Репиннің көп жыл бойы Кремль тарапынан қолдау алғанын, соғыс басталғаннан кейін де наградалар мен мемлекеттік қолдауды алып келгенін атап өтті.

Оркестр басшылығы украиндық қоғамның пікірін ескеріп, концертті өткізбеу шешімін қабылдағанын жеткізді. Көрерменге билет ақшасы қайтарылады.

Мангейм филармониялық оркестрі 80 жас музыкантты біріктіріп, 2009 жылдан бері Еуропа мен Азиядағы фестивальдерде белсенді өнер көрсетіп келеді.

Айта кетейік, Италиядағы Maggio Musicale театрында да Вадим Репиннің жары, балерина Светлана Захарованың қатысуымен жоспарланған екі спектакль Украинадағы жағдайға байланысты өткізілмеген.


Алматылық мұғалім әлемнің үздік 50 педагогы қатарында
Өгей қызын зорлап, артынан өз-өзіне қол жұмсаған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу