Сейітжановтан қайтарылған Мұз сарайына 559 млн. теңгеге жөндеу жүргізіледі

Oinet.kz 27-01-2026 52

Screenshot_2.png 

Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы 2025 жылы атқарған жұмыстарын жария етті.

Басқарманың ресми сайтында жарияланған мәліметке қарағанда,  2025 жылы Шымкент қаласында 5 спорт нысанының құрылысы басталған. Оның ішінде  жаңа футбол стадионының құрылысы  бар. Қаратау ауданы 223 орамда салынып жатқан нысанның жер көлемі 26,1 гекта болады. Оны 2026–2027 жылдары аралығында пайдалануға беру жоспарланған. Сонымен бірге биыл Мұз сарайы ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген. Оған қазынадан 559,6 млн теңге бөлінген.

Сонымен бірге Қажымұқан атындағы орталық стадионындағы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған. Бұған жалпы 709 млн теңге кеткен. Оның ішінде жеңіл атлетика жолағын ауыстыруға 400 млн теңге, футбол алаңының газонын ауыстыруға 54 млн теңге, басқада ағымдағы жөндеу жұмыстарына 255 млн теңге жұмсалған.

Бұлардан бөлек биыл жеке кәсіпкерлер есебінен ипподром аумағына қосымша 150 адамға арналған қонақ үй мен 150 атқа арналған атқораның құрылысы басталады.

Айта кетері, Шымкенттегі Мұз сарайы 2024 жылы жергілікті алпауыт бизнесмен Серікжан Сейітжановқа тиесілі компанияның иелігінен мемлекетке  қайтарылған болатын.  2017 жылдың сәуірінде жергілікті әкімдік Үкіметтің күні бұрын бекітіп берген кестесіне сәйкес Мұз сарайындағы 67,09 пайыз үлесті бәсекелес ортаға беру үшін сатуға кіріседі. Үлесті жекешелендіру әкімдіктің экономика және қаржы бөліміне жүктелген. Сол жылдың маусымында әкімдіктің нысандағы 67,09 пайыз үлесінің бастапқы бағасы 996 миллион 944 мың теңгеге бағаланған.

31 тамызда үшінші мәрте өткен аукционда Сейітжановқа тиесілі «МұнайҚұрылысСервис» серіктестігі Мұз сарайын сатып алған. Бар-жоғы 128 миллион 119 мың теңгеге. Аукционның хаттамасы негізінде 8 қыркүйекте қаржы бөлімі мен серіктестік арасында келісімшарт жасалады. Осы келісім бойынша әкімдіктің нысандағы 67,09 пайыз үлесі Сейітжановтың қарамағына өткен. Мұз сарайының қалған 32 пайызына онсыз да Сейітжановқа тиесілі «СаутсОйл» компаниясының иелігінде болған.

     2024 жылы, арада жеті жыл өткенде прокурорлар сотқа талап арыз береді. Осы уақытқа дейін Мұз сарайына қатысты келісімдерге көз жұмып келген прокурорлар сауда-сатықтың, нысанды жекешелендірудің өрескел заңбұзушылықтармен өткенін мәлімдейді. Мұндай жекешелендірудің «Мемлекеттік мүлік туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы», қала берді «Қазақстан Республикасының Ұлтық қауіпсіздігі туралы» заңдарға қайшы келетінін мәлімдейді.

Сот прокуратураның талап арызын қанағаттандырып, 2017 жылы Шымкент қалалық қаржы бөлімі мен «МұнайҚұрылысСервис» компаниясы арасындағы келісімшарттың күшін жойған болатын.

Дегенмен жоғарыда айтылғандай Серікжан Сейітжанов Мұз сарайының 32 пайызына «Саутс ойл» компаниясы арқылы иелік етіп келеді.  


Балғынбек Имаш әнші қыз Еңлікті сынаған Бұлғақовты орнына қойды (видео)
Қаскелеңде ер адам әйелі мен енесін соққыға жыққан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу