Роза Рымбаеваның концертіне шақырту алған Баян Алагөзова бармайтынын айтты

Oinet.kz 28-01-2026 51

Халық әртісі Роза Рымбаева концертіне танымал продюссер  Баян Алагөзованы шақырған. Алайда Баян Мақсатқызы Розаның концертіне келмейтінін айтты деп жазады  Оinet.kz тілшісі.

image.png

– Роза Қуанышқызы, мені концертіңізге шақырғаныңыз үшін алғысым шексіз! Өкінішке қарай, бара алмаймын. Бірақ анам сіздің концертіңізді міндетті түрде тамашалағанын қалаймын. Билеттер сатылымда бар екен. Қазақ сахнасының ең үлкен жұлдызы шығармашылығының 50 жылдығын атап өткелі отыр! Бұл – шынымен де аңыз! – деп жазды Алагөзова.

Айта кетейік, 7 ақпанда Алматыда әнші Роза Рымбаеваның шығармашылығының 50 жылдығына арналған жеке концерті өтпек. Сондай-ақ биыл Роза Қуанышқызы туралы деректі фильм жарыққа шығады. 

Биыл Қазақстанға Тимбалэнд, Николь Шерзингер, Баста Раймс келеді
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу