Түркістан облысының мектептерінен заңбұзушылықтар анықталды

Oinet.kz 28-01-2026 49

_gluster_2025_2_19_b033850e27b803fdb2d826d18e350f13_1280x720.jpg 

Түркістан облысының прокуратурасы білім беру ұйымдарының асханаларын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігіне талдау жүргізді. Бұл туралы аталған органның баспасөз қызметі хабарлады.

Талдау нәтижесімен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында асханаларды жаңғыртып, пайдалануға алған кәсіпкерлердің 70 мектепте санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз қызмет атқарып келгені анықталды.

Түркістан облысының прокуратурасы аталған заң бұзушылықтар бойынша облыс әкімдігіне және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне қадағалау актілерін енгізді.

Нәтижесінде 50 білім беру мекемесі санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларын алды және 12 184 балаға тиісті қызмет көрсетіледі.

Орын алған заң бұзушылықтар бойынша мектеп әкімшілігі мен кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 463-бабының 1-бөлігіне сәйкес 81 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 7,3 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заң бұзушылықтарды жою мәселесі Түркістан облысы прокуратурасының тұрақты бақылауында.

 


Жекеменшік мектептер тек пайда табу үшін құрылған—Қаржы министрі
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу