Маңғыстауда ер адам өгей қызын зорлап, кейін өзін өлтірген
Маңғыстау облысында ер адам 13 жастағы қызды зорлап, кейін суицид жасаған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады, деп жазады Оinet.kz порталы.

Полиция мәліметінше, 2026 жылғы 24 қаңтарда «102» пультіне 13 жастағы қызға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс туралы хабарлама түскен.
Алдын ала тексеру барысында құқық қорғау органдары қыздың өгей әкесі қылмысты жасаған деген дерекке қол жеткізген.
«Аталған азамат 2026 жылғы 20 қаңтарда өз-өзіне қол жұмсады», — деп толықтырды ведомство.
Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлімі («Кәмелетке толмағанға зорлық-зомбылық көрсету») бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған алдын ала тергеуді жүргізіп жатқанын хабарлады. Сонымен қатар кәмелетке толмаған қыздың құқықтары мен заңды мүдделері қорғалған.
Ведомство атап өткендей, қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне қатысты басқа ақпарат жариялауға жатпайды.


