Резонансты видеоға қатысты Нұрайдың ағасы мәлімдеме жасады

Oinet.kz 27-01-2026 51

Кісі қолынан қаза тапқан  Нұрай Серікбайдың ағасы Сұлтан Серікбай  жұмыстан босатылған тергеушінің желіде таратқан видеоның жарияланғанына қатты наразылығын білдірді. Видеода қыз күдікті Шерхан Аймаханның үйіне өз еркімен барғаны көрсетілген деп жазады  Оinet.kz тілшісі .

image.png

"Бұл видеоның бар екенін білгенбіз, айтып өткенбіз. Бұл материалды не үшін шығарғанын түсінбедік. Бірақ бұл видео біздің отбасымызға ауыр тиді. Өйткені Нұрайдың қиналып сөйлегені жүректі ауыртады. Психологиялық және моральдық тұрғыда шаршаған адам солай қиналып сөйлеп жатқаны қарапайым адамға да түсінікті деп ойлаймыз",- деді Сұлтан Серікбай.

Еске сала кетейік, Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты істен соң қызметінен босатылған полиция офицері желіге  Нұрайдың  Шерханның үйіне өз еркімен келгенін растайтын видеоны таратып, өзінің жұмыстан әділетсіз шығарылғанын айтқан болатын.

image.png


Мектептерге дефибриллятор орнатылады: Денсаулық сақтау министрлігі тапсырма берді
Маңғыстауда ер адам өгей қызын зорлап, кейін өзін-өзі өлтірген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу