«Ол бұрын да адамдарды қорқытқан». Семей тұрғыны өзін аңдыған әйел жайлы тың деректерді айтты

Oinet.kz 27-01-2026 49

Семей тұрғыны  көпқабатты  үйдің кіреберісінде болған оқиғаға байланысты тағы да тың деректерді жайып салды деп хабарлайды Оinet.kz тілшісі. 

image.png

Аружан осы жағдайдан кейін агрессивті мінез көрсеткен әйелді екі күн көрмегенін айтады. Алайда көршілері біртүрлі келіншектің үй  маңында айналшықтап жүргенін бірнеше мәрте көргендерін айтыпты.

 "Көршілер оның үй маңында жүргенін айтты. Мені күткенге ұқсайды",- дейді Аружан. Бойжеткеннің айтуынша желідегі видеодан кейін өзге де тұрғындардан хабарламалар келіпті. Онда көршілері бұған дейін де әйелдің біртүрлі қылықтарын байқағанын айтып, тіпті кейбірі бейнежазбалар жіберген. "Біреулер әйелдің дүкенге кіріп, адамдарды тырнағанын, тіпті қолдарындағы телефондарын жұлып алып, ақтарғанын айтты",- дейді Аружан. 

    Арыздаған қыз полицияға әйелдің өзі емес әкесі келгенін айты. "Әкесі қызының шетелден бір ай бұрын ғана келгенін айтты. Мен бірақ оны бұрын мүлдем көрмегенмін. Әкесі қызының психикалық аурумен ауыратынын жоққа шығарып отыр. Біздің арамызда болған оқиғаны жәй ғана екеуара түсінбеушілік  деп санайды.Бірақ олай емес, ол мені аңдыды ",- деп жазды Аружан.  

Еске сала кетейік, семейлік Аружан есімді қыз әлеуметтік желіде подъезге кірер тұста өзін әлдебір келіншектің қорқытып, ауыр сөздер айтқанын мәлімдеп, видео жүктеген болатын. Полиция 24 жастағы азаматшаға қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік іс қозғады.

Шавкат Рахмоновтың жұбайы куәгерден күдіктіге айналды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу