Энергетика министрі жалақысының қанша екенін айтты

Oinet.kz 28-01-2026 69

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов өз жалақысы мен жылдық табысын жария етті, деп хабарлайды Оinet.kz порталы. 

image.png

Министрдің декларациясына сәйкес, оның жалғыз табыс көзі – мемлекеттік қызметтегі жалақысы.

«Өткен жылда жалақы менің жалғыз табыс көзім болды. Қосымша табысым жоқ. Бір айлық жалақым – 1,2 млн теңге. Арасында сыйақылар бар. Соларды есептегенде жылдық табысым 20 миллионнан сәл асады», – дейді министр.

Айта кетейік,  министр бұған дейін  бензин бағасына қатысты мемлекеттік мораторий аяқталғаннан кейін қандай өзгеріс болуы мүмкін екенін айтқан болатын. 

Сілекейін ішкізіп, еденді жалатады-Депутат психологиялық тренингтер жайлы ащы шындықты жайып салды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу