Тоқаев жалғыз жүр
6 тамызда Түркіменстанда Орталық Азия басшылары кездесіп, коронавирус пандемиясы мен Ауғанстандағы ахуалды талқылады.
«Азаттықтың» хабарлауынша, 6 тамызда Орталық Азия елдерінің басшылары Түркіменстанда Каспий теңізінің жағалауында орналасқан демалыс орнында бас қосты. Кездесуде сол баяғы әріптестік мәселесі сөз болды, бірақ соңғы жағдайларға байланысты бұл талқылаулардың маңызы арта түсті.
-Аваза курортындағы бұл кездесу шынымен маңызды болды, өйткені біраз уақыттан бері басы қосылмай жүрген бес мемлекет басшысы бір жерге жиналды. 2018 жылы басталған консультативтік кездесу осымен үшінші рет өтті. Бірақ оған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші рет қатысты. Оған дейінгі екі кездесуге елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев барған. Екінші кездесу 2019 жылы қарашада өткен. Ол кезде Тоқаев президент атанып үлгерген еді. Бірақ соған қарамастан Ташкентте өткен жиынға Назарбаевтың өзі кетті,-деп жазады «Азаттық».
Жалпы, Нұрсұлтан Назарбаев туралы соңғы жиырма шақты күнде жартымды жаңалықтар жоқ. Тұңғыш президенттің ресми сайтындағы соңғы ақпарат 24 шілдеде жарияланыпты. Онда Н.Назарбаевтың Өзбекстан президенті Шават Мирзияевті туған күнімен құттықтағаны жазылған. Оның алдында жұртшылықты Құрбан айт, Металлургтер күнімен құттыған Елбасы 8 тамыз -Құрылысшылар күнін елеусіз қалдырды.
Шамасы Тұңғыш президент қазіргі уақытта үзіліс алып, шет елде немесе отандық шипажайлардың бірінде демалып жатқан сияқты.