Әйтенов уәдесін орындай ала ма?
31-05-2023
Бүгін Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Есеп беру барысында қала әкімі ең бірінші кезекте халықтың қызметшісі екенін айтты.
- Әкімдік жұмысының басты мақсаты - халықтың жайлылығы. Жайлылық - қауіпсіздік, тұрғын үйге қол жетімділік, денсаулық, білім және жұмыспен қамтылу. Жайлы жағдайы бар адам арқылы қоғам дамиды, - деді қала басшысы. Және ол індет кезінде қолдау көрсеткен халыққа алғысын айтты:
- Індет өршіген кезеңде қаламыздың тұрмыс-тіршілігінің құлдырауына жол бермеген жерлестерімнің еңбегі жайлы айтуым - парыз. Біз берген еш марапат халықтың алғысына жете қоймасы сөзсіз. Мүмкіндікті пайдалана, рұқсат етсеңіздер, тұрғындарымыздың атынан осы жерлестерімізге шексіз алғыс білдіремін, - деді Рашид Абатұлы.
Сонымен қатар есеп беру кезінде қала әкімі індетке байланысты атқара алмай жұмыстары жөнінде кешірім сұрады.
- Іске асыруға сөз берген бірқатар жобаларымыз да атқарылмай қалды. Үлкен үміт артып, сенім білдірген әр тұрғыннан басымды иіп, кешірім өтінемін, - деді қала басшысы.