«Ұлыңды шайтан түрткен» деді
10-11-2024
Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы шотындағы жинағын мерзімінен бұрын шешіп алмайтынын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
"Заң қабылданғаннан кейін, 2021 жылдан бастап зейнетақы жинағын пайдалануға мүмкіндік берілетінін білесіздер. Бірақ мен өз зейнетақы жинағымды жұмсамаймын, шоттан алмаймын. Өйткені ол мені зейнетақымен қамсыздандыруға қажет болады. Сол себепті өз зейнетақы жинағыма сенім артып отырмын", - деді Нұрымбетов онлайн брифингте.
Келесі жылдан бастап қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін жұмсай алады. Негізгі шарт – шоттағы ақша жеткіліктілік шегінен асуы керек.
Жеткіліктілік шегі 20 жастан бастап әр жас үшін бөлек есептелген. Зейнетақы жинағын баспана немесе жер телімін сатып алуға, ипотеканы өтеуге, емделуге және қаржы компанияларының басқаруына беру үшін пайдалануға болады.