Жапаров бір тиын да ұрламауға ант берді
04-04-2022
Қырғызстанда полиция елдің бұрынғы президенті, әртүрлі айыптармен сотталып, 9 қазанда Бішкекте болған толқулардың нәтижесінде бостандыққа шыққан Алмазбек Атамбаев қайтадан қамауға алынды. Бұл жолы экс-президентке жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген айып тағылып отыр. Атамбаевқа қатысты түрлі ақпараттар айтылып жатыр. Қайсысының ақиқат, қайсысының қауесет екендігі айыру қиын.
Атамбаевтың ұлдары Ішкі істер министрлігіне жеткізілді. Олар қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде жауап берген. Бұл қылмыстық іс Ала Тоо алаңында болған жаппай тәртіпсіздікке қатысты қозғалған.
-9 қазанда болған оқиға бойынша «жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру» фактісімен қылмыстық іс қозғалған. Осы қылмыстық іске байланысты куәгер ретінде Темірлан Сұлтанбеков, Сейдбек Атамбаев, Қадырбек Атамбаев және экс-президенттің жүргізушісі Анвар Арматов Ішкі істер министрлігіне жеткізілді. Олар жауаптарын берген соң үйлеріне қайтарылды,-делінген құзырлы органдардың таратқан мәліметінде.
Бұған дейін Алмазбек Атамбаевпен бірге оның ұлдарының да қамауға алынғаны туралы ақпарат таратылған болатын. Алайда Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет мұны жоққа шығарды.