Шымкент қаласына жаңа әкім тағайындалды
05-09-2023
Тәжікстанда президент сайлауы өтті деп танылды. Ресми мәліметтерге қарағанда, елдің қазіргі басшысы Эмомали Рахмон президенттік сайлауда 90,92% дауыс жинап жеңіске жетті. Рахмон осылайша президентікке бесінші мәрте сайланды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне қарағанда, дауыс беруге сайлаушылардың 70 пайызы қатысқан. Эмомали Рахмон 1994 жылдан бері Тәжікстанның президенті. Төрт жыл бұрын Тәжікстанның Конституциялық соты ел конституциясына Рахмонның президенттік сайлауға шексіз рет қатысуына мүмкіндік беретін түзетулерді мақұлдағаен болатын.
Орталық Азия елдері басшыларының ішінде сайлауда ең көп дауысты Түрменстанның президенті Ғұрбанғұлы Бердымұхамедов алды. 2017 жылы өткен сайлауда ол қарсыластарын 97 пайыз дауыспен еңсерген еді. Өзбекстанның президенті Шавкат Мирзияев 2019 жылғы сайлауда 88 пайыз, Қазақстан президенті ҚасымЖомарт Тоқаев былтырғы сайлауда 77 пайыз дауысты иеленген.
Ал биыл Беларусте өткен сайлауда Александар Лукашенконың 80 пайыз дауыс алғаны белгілі.