«Нұр Отанның» праймеризіне түскен жұлдыздар депутат бола ала ма?

Oinet.kz 09-10-2020 1008

Қайбір жылдары «Нұр Отан» сайлауалды тізімге өңшең әншілерді, әртістерді, спортшыларды тіркеп, жұлдыздарды партияның үгіт-насихатына кеңінен пайдаланған болатын. Кейінірек Мәжіліске кететін тізімге сол жұлдыздардың көпшілігі енбей, ойыншық болып қалды. Осы сценарий тағы да қайталануы мүмкін. Бұл туралы Oinet.kz тілшісі хабарлайды.

Мөлдір Бақытжанқызы.jpg

Мөлдір Бақытжанқызы

Праймеризде Нұр-Сұлтаннан бақ сынаған белгілі сықақшы Тұрсынбек Қабатовтың түкке тұрғысыз дауыс алғаны айтылып, қызу талқыланып жатыр. Ал Оңтүстіктің біраз жұлдыздарының бірі жоғары, бірі төмен нәтиже көрсетті. Мәселен белгілі  опера әншісі Мөлдір Бақытжанқызы Шардарадан 50 пайыз дауысқа қол жеткізді. Белгілі спортшы, олимпиаданың күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұлова Шымкенттен қатысып, ортадан төмен балл алды. 

Жазира Жаппарқұл.jpg

Жазира Жаппарқұл

Ақырғы тізімнің сайлаудың түңлігі түрілгеннен кейін, «Нұр Отан» партиясының елордада өтетін алқалы жиынындағы өзара ақылдасудың қорытындысына қарай  жасалатындығы белгілі. Бүгін праймеризде ақ тер, көк тер болып,  көш бастағандардың аты-жөндері ертең орта жолда сызылып тасталса, таңқалуға болмайды. Праймеризде көштің ортасында жүрген нәзік жандылар мен 35 жасқа дейінгі жастар мәслихат, Мәжіліс депутаты атануы мүмкін. Өйткені партияның саясаты бойынша депутаттардың 50 пайызы әйелдер мен жастардан құралуы тиіс. 

Сондықтан әлі де болса кандидаттардың көкейінде бір күдік, бір үміт.  Билік партиясының кімнің бағын жағып, кімнің бағын байлайтынын уақыттың төрелігіне тапсырдық.

Депутаттар династиясы-2. Әкесінің жолы баласына бұйыра ма?
Министр: «Зейнетақы жинағыма тиіспеймін»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу