Бұл «цензура» деп аталады, құрметті Орталық коммуникация қызметі
Тікелей эфир кезіндегі брифинг барысында Қазақстан журналистері Орталық коммуникация қызметін цензура деп айыптады. Бұл туралы Oinet.kz хабарлайды.
- «Сұрағын соңына дейін қойып үлгермеген әріптесімді эфирге қайта қайтармайынша мен өз сұрағымды қоймаймын. Бұл «цензура» деп аталады, құрметті Орталық коммуникация қызметі. Ал Қазақстанда цензураға тыйым салынған», - деді журналист Ирина Севостьянова бейсенбідегі брифинг барысында Bloomberg тілшісі Нәубет Бисеновке нақтылайтын сұрақ қоюға мүмкіндік бермегеннен кейін.
Севостьянованың сөзінен кейін Bloomberg тілшісіне денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдан карантинді енгізудің және алып тастаудың нақты критерийлері туралы сұрауға мүмкіндік берді. Бұл сұрақты журналистер брифинг барысында бірнеше мәрте қойды, олар науқастар саны, кереуеттердің толымдылығы және т.б. сияқты нақты критерийлерін атауды талап еткен еді, алайда нақты жауаптарын ала алмады. ОКҚ өкілі ол сұрақты министрлікке жолдайтынын және оған денсаулықминінің өкілі Бағдат Қожахметов жауап беретінін айтты.
Сонымен қатар брифингтің модераторы мен ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов журналистерге тек брифинг тақырыбы бойынша ғана сұрақ қоя алатындарын ескертті.
«Құрметті журналистер, сіздерден тек брифинг тақырыбы бойынша ғана сұрақ қоюларыңызды сұрағым келеді. Сіздерді қызықтыратын басқа сұрақтар бойынша арнайы брифинг өтеді, министрлік өкілдері әркез шығады алдарыңызға. Сондықтан уақыт шектеулі, сіздер тағы да осыған назар аударсаңыздар екен», - деді Тоғжанов.