Қытай мен АҚШ қарулана бастады

Oinet.kz 12-09-2020 2287

Таяуда Пентагон Қытай өзінің ядролық арсеналын көбейтуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Екі ел арасындағы дағдарыс ресми Бейжіңді осындай қадам жасауға итермелеп отырған тәрізді.

image.png

Өткен аптада Пентагон АҚШ Конгресінде жыл­дық баяндама жасап, Қытайдың ядролық арсеналын­дағы қару саны 200-ге жетпейтінін мәлім етті. Бірақ бұл елдегі ядролық қару саны әлдеқайда көп болуы ықтимал. АҚШ-тың шенді офицерлері бұл елдегі шикізат қоры ядролық арсенал санын екі еселеуге жетеді деп есептейді. Сондай-ақ оқтұмсықтарды жерден де, судан да, әуеден де атуға күш салмақ. Пентагонның да дабыл қағып отырғаны осы. Жыл басында «Global Times» газеті Бейжің билігі жақын арада оқтұмсықтар санын мыңға көбей­туге әзір деп ақпарат тарат­қан-ды. Сонымен қатар әуе-су-жер үштігіне де басымдық беруді көздейді. Бүгінде жерден және судан баллистикалық зымы­ран ұшыруға қабілетті. Ен­дігі жетпей тұрғаны – әуе арқы­лы баллис­тикалық ракета жібе­ру. Деген­мен былтырғы қазан айында Қытай билігі H-6N бомба тасығыш зымыранын таныстыр­ған болатын.

Келер жылғы ақпанда «The New START» деп аталатын ст­ра­тегиялық шабуылдау бағы­тында қарулануды болдырмау жөніндегі Ресей мен АҚШ арасындағы келісімнің мерзімі аяқталады. Естеріңізге сала кетейік, «The New START» шартына 2010 жылы осы екі елдің сол кездегі басшылары Барак Обама мен Дмитрий Медведев қол қойған еді. Соған сәйкес, оқтұмсықтар саны 1550-ге дейін, құрлықаралық баллистикалық зымырандар, сүңгуір қайықтардағы баллистикалық зымырандар және ауыр бомбалаушылар саны 700 данаға дейін қысқартылуы тиіс.

Ал Қытай негізі ядролық қаруды таратпау жөніндегі ешқандай келісімге мүше емес. Осыған байланысты ресми Вашингтон АҚШ пен Ресей арасындағы ядролық қаруға қатысты келісімге Қытайды да кіргізуді көздейді. Әйтсе де, срапшылардың пікірінше мұндайға Си Цзинпинь әкімшілігінің көнуі екіталай. Деген­мен, коммунистік партия өкілінің бірі сұхбаттарының бірінде АҚШ оқтұмсықтар санын едәуір қыс­қартса ғана Бейжің билігі келісім үстеліне отыруы мүмкін деген сыңайда әңгіме айтқан.

Пентагон бекерге қауіптеніп отырған жоқ. Таяуда Қытай басшысы Си Цзиньпин ұлттық қорғаныс пен қарулы күштерді жаң­ғыртуға және дамытуға басым­дық бере­тінін мәлімдеген. Оның айтуынша, қытай­лық келбетті сақтап, ұлттық құн­дылықты нығайту үшін дамумен бірге қорғаныс саласына да көңіл бөлінуі тиіс. Сондықтан мемлекеттің келешегін айқын­дау мақсатында әскер саласын күшейтпек. Яғни жаңа бағытқа қадам басып, әскерін әлемдік дең­гейге шығаруға күш салмақ. Ал­дағы жоспар бойынша ұлттық қорғаныс пен қарулы күштерді дамытуға бағытталған жаңа стратегия 14 жылға арналған. Осы бағдарлама аясында кәсіби әскер құруға басымдық беріледі.

АҚШ-та қарап отырған жоқ. The Washington Post газеті АҚШ пре­зиденті Дональд Трамп Нева­дадағы ядролық сынақ алаңын қайта жан­дандыруға ниетті екенін жет­­кізген. Сондай-ақ, АҚШ пре­зи­дентінің қарулану жөніндегі ар­найы өкілі Маршал Биллингсли ел­дің қар­сыластарын кез келген сәтте тұқыртып, атом бомбасын тастауға әзір екенін мәлімдеді. Ақпарат құралдарының мәліметіне қарағанда, келер жылы Ақ үй ядролық қаруға арналған бюджет қаржысын 37,3 млрд доллардан 44,5 млрд долларға көбейтуді жос­парлап отыр.


Бұл «цензура» деп аталады, құрметті Орталық коммуникация қызметі
Президент әкімшілігі мақтаған жүйенің жемісі неге жоқ, Жолаев мырза?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу