Ең көп депутат Түркістан облыстық мәслихатында болады

Oinet.kz 10-09-2020 835

Орталық сайлау комиссиясы облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарында сайланатын депутаттардың санын белгілеп берді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

Ең көп депутаттар Алматы облысы менТүркістан облыстық мәслихаттарында болады.   Аталған өңірлерге 45 депутаттық мандат берілді. Қарағанды мен Шығыс Қазақстанда-38, Жамбылда-36, Ақтөбе, Қостанай, Қызылордада-33, Ақмола, Павлодар, Маңғыстауда -32, Атырау мен Батыс Қазақстанда-31, Солтүстік Қазақстанда-30 депутаттан болады. 

Мегаполистердегі мәслихат мандаттары былайша белгіленді: Нұр-Сұлтанда-31, Алматыда-39, Шымкентте-30 депутаттан. 

Орталық сайлау комиссиясының мәлімдеуінше, өңірлерде халық саны жүз мың адамға ұлғайған кезде депутаттар саны бір бірлікке артады.

Мұнай арзандағанымен, бензин арзандамайды. Мұның сыры неде, Ноғаев мырза?
Мамин жаңа министрді ұжымға онлайн таныстырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу