Депутаттар династиясы: Түркістанда дәулеттілер праймеризге әулетімен қатысып жатыр

Oinet.kz 03-09-2020 2353

Әділхан Исабаев, Есей Өркен, Дулат Әбіш, Өмірзақ Мелдеханов, Нұралы Әбішев, Шералы Қаныбеков, Қайнар Абасов.  Праймеризге қатысып, қайтадан халықтың қалаулысы болсақ деп ниет еткен Түркістан облыстық мәслихатының қазіргі депутаттарының тізімін одан әрі жалғастыра берсек болады: Рабиға Қуатбекова, Бадритдин Нышанқұлов,  Жаңабай Ағабеков, Мұрат Төлтебаев.

image.png

Рас, тізімнен аудандық, қалалық, облыстық  мәслихаттың бір емес бірнеше шақырылымына депутат болып жүрген біраз азаматтың аты-жөнін кездестіре алмадық. Алайда бұл олардың депутаттық дәурені осыменен тоқтатады дегенді білдірмесе керек. Ертең олар мәслихатқа  партия филиалы төрағаларының (дәлірегі аудан, қала, облыс әкімдерінің) 30 пайыздық квотасымен өтуі әбден мүмкін.  Есесіне тізімде аты-жөні жоқ депутаттардың ұлдары мен қыздары қос-қостан праймеризде бақ сынап жатыр.   

Депутаттардың кандидат болып тіркерлген ұл-қыздарына қатысты тізімді тізбектесең ащы ішекше шұбатылып шыға береді. Тек бірқатарына тоқталсақ. Түркістан облыстық мәслихатының депутаты  Рақым Тәңірбергеновтың праймеризге екі бірдей ұлы  Дәурен мен Айдар қатар бақ сынап отыр.  Әке жолын ұлдарының бір-бірлеп емес, қос-қостап қуып жатқаны қайран қалдырады! Бірі Түркістан қалалық, екіншісі облыстық мәслихатта мәселе шешкісі келетін сияқты. Ал облыстық тұрақты комиссия төрағасы Саттар Қуашбаевтың қызы Динара Қуашбай ( мектеп директоры) праймеризге облыстан қатысуға өтініш тастаса, ұлы Дулат Қуашбай (өздерінің жекеменшік колледжінде  директордың орынбасары)  Шымкенттен бақ сынамақ.  Экс-мәжілісмен Розақұл Халмұрадовтың ұлдары да нағыз депутаттан туған перзент екендіктерін дәлелдеуге тырысып  жатыр. Шавкат пен Шамхат Халмурадовтардың екеуі де мәслихат мандатынан дәмелі, біреуі облыстық, екіншісі аудан деңгейінде. Облыстық мәслихаттың хатшысы Қайрат Балабиевтің ұлы Нұрсұлтан Балабиев праймеризге Шымкенттен өтініш беріпті.  Әке жолын қуған ұлдың депутат, тіпті одан әрі мәслихат хатшысы болып жатса таңқалуға болмайды. Мәслихаттағы ең белсенді депутаттардың бірі Оңалбай Аяшевтің ұлы Серік Оңалбайұлы іріктеуге Жетісай ауданынан ат қосып отыр. Ол Мәжіліс депутаты болуға үмітін үкілеп отырған сыңайлы. 

Танымал кәсіпкер, Қазақстандағы ең бай деген елу бизнесменнің тізіміне енген Серікжан Сейітжановтың ұлы Нұржан Сейітжанов праймеризде Отырар ауданынан бақ сынайды. Бір қызығы тізімде Отырар ауданынан Әділжан Сейітжанұлы Құртаев деген азамат та бар. Оның Серікжан Сейітжановтың бауыры екендігі түсінікті. Сейітжановтың тағы бір туған бауыры Әлімжан Құртаев қазір сенатор болса, ұлы Бауыржан Сейітжанов Шымкент қалалық мәслихатының депутаты. Осыдан кейін Сейітжанов әулетін депутаттар династиясы деп атасақ жарасатын шығар.

Асқар Мырзахметов қайтып оралды
Антикор Келестің әкімінің отставкісіне қатысты түсініктеме берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу