Перизат Жапарова: «Адамдардың көңіліне қарамаймын»

Oinet.kz 19-03-2014 809

Screenshot_4.jpg

- Перизат, КТК арнасынан берілген «Қыз қылығы» бағдарламасындағы әзілкеш қыздың рөлі арқылы  халықтың көзайымына айналдың. Бұл ұсыныс кімнен түсті?

- Журналистика мамандығын тәмамдап, диплом алғаннан кейін алғашқыда НТК арнасында қызмет еттім. Сол жерде жүріп КТК арнасының ұжымымен танысып, қоян қолтық араласа бастадым. Бірде КТК арнасының  юморлық бағдарламаға сценарист іздеп жүргендігін естіп қалдым.  Жобаның авторы талантты режиссер Жанна Бапишева екен. Өзімді сынап көрейін деп жоба авторына жолықтым.  Жанна апай маған мүмкіндік беріп, сосын 1 -2 күнде сценарийді жазып апардым. Ол жазғанымды бірден  ұнатып, актриса ретінде де бағыңды сынап көр деп  қолқа салды.  Басында қалай болар екен деп қобалжығаныммен рөлімді жақсы сомдаған секілдімін.  «Қыз қылығы» көрерменнің сүйікті бағдарламасына айналдып, эфирге төрт жыл бойы шықты. Оның үстіне қазақ телевизиясында бұрын соңды тек қыздар жүргізген сатиралық бағдарлама болған емес. 

- Төрт жылды бағдарлама үшін аз деп есептейсіз бе, әлде көп пе?

- Отандық бағдарламалардың  ғұмыры 3 жыл ары кетсе 5 жылға созылып жатады. «Қыз қылығының» ғұмыры 4 жылға созылғанына меніңше өкпелейтін себебеміз жоқ.  Өйткені  елді қызықтыратындай, жаңа жобаларды  ашу керек болды. .Коммерциялық телеарна болғаннан кейін әр бағдарламаға қаржы өз қалтасынан төленеді. Оның үстіне  аудиторияны сақтап қалу маңызды. Бағдарламаларды жаңартып отыру ол телевизияда қалыпты үрдіс.  

- Бағдарламадан кейін режиссерлерден ұсыныстар болды ма? 

- Ия, кастингтерге шықырылдым,  жарнама роликтеріне бардым. Басқа арналар бағдарламаларына   актриса ретінде шақырып тұрады. «Біз балалар үйіненбіз» атты  фильмге түстім. Кинокартина жақын арада телеарналарадан берілуі тиіс. Одан кейін, «Ғашық жүрек – 2»  фильмінің бір эпизодында дәрігер рөлін сомдадым. 

- Жастайыңнан ән айтып, спектакльтерде ойнап жүрсеңде журналистика мамандығын таңдапсың...

- Бала кезімнен  айнаға қарап ән салатынмын.  «Тамаша» театрындағы  Данагүл апайға еліктедім. Тіл байлығымда мықты болды. Әртіс боламын деп алдыма мақсат қойып, жоспарымды үйдегілерге айтқанда әкем  «Сенің бойыңда шынымен де талантың болса,  қай салаға барсаң да  ол өлмейді, әйтеуір бір шығады» деп, журналистикаға түсуге кеңес берді. Сөйтсем әкем кезінде журналистикаға құжат тапсырып түсе алмай қалған соң, техникалық университетті бітірген екен. Сол кезде «қап, осыдан бір перзентімді журналист етіп шығарамын» деген арманы болыпты. Қазір оған өкінбеймін. Журнилистиканы оқу арқылы, әртістік, әншілік қабілетімді де аша түстім. «Жалғызым» деген әнге жақында бейнебаян түсірдім. 

- Болашақта үш саланың  қайсысының құлағынан ұстайсың, әлде бәрін қатар алып жүресің бе?

- Менің ойымша, әншілік, актриса болу, журналистика бір-бірімен байланысты мамандықтар.  Менің әншілігім мен актрисалық өнеріме  - журналистика білім нәрін береді. Мысалы қазір байқасаңыздар көптеген әншілер сұхбатқа жауап берерде  ойдағы сөзін дөп басып айта алмай, қиналып жатады. Ол кітап оқымағанның,  ой- өрістің тарлығын көрсетеді. Сондықтан да  мен үшеуін бөліп жара алмаймын. Кім қалай ойласа да, мен үшін бұл үш сала  - «үш қайықтың басы»  емес, мені толықтырып тұрған «алып кеме» іспетті.

- Бойыңызда өзіңізге ұнамайтын қасиеттеріңіз бар ма?

- Адамдардың көңіліне қарамай, бетке айта салатын әдетім бар.

- Қазір қайда, немен айналысып жүрсің?

- Әншілік өнерімді әрі қарай дамыту үшін жұмыс жасап жатырмын. Екіншіден, «НТК» арнасында әр аптаның жұма күні шығатын «Таң қалмаңыз» атты шоу-бизнестің жайын айтатын  бағдарламаның  және 24.кз арнасында, «Назар.кз» атты өзекті мәселелерді қозғайтын жобаның  жүргізушісімін. 

Әсел Ергешқызы: «Қара шаңырағым – екінші үйім секілді»
Бақыт Әліпбаева: «Трагедиялық рөл берсе, қуана-қуана ойнар едім»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу