Аллергиямен ойнауға болмайды!

Oinet.kz 06-12-2017 1040

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, аллергиялық аурулар басқа сырқаттардың ішінде үшінші орынды иеленеді екен. Әр елдерде әртүрлі деңгейде. Мәселен, Жапония жұртының 36%-ы осы дерттен зардап шегетін болса, АҚШ халқының 26%-ы түшкіріп, пысқырып жүреді. Бұдан кейін Ұлыбритания елі тұрса, халқының 17%-ы аллергия жұқтырған Қазақ елі төртінші орында тұр. Мамандар, аллергиялық ауру сырқаудың артуы ең алдымен қоршаған ортаның ластануынан деп отыр. Генетикалық фактордың да әсері көп. Сондай-ақ, тұрмыстық химияны көп қолдануданжәне түрлі вирустық инфекциялар арқылы жұғады.Фастфуд өнімдері де аллергия таратқыштардың алдыңғы қатарында. 

Screenshot_18.jpg

Осы ретте біздің бүгінгі сауалдарымызға Павлодар облысының штаттан тыс бас аллергологы Джекесова Рауза Тәңірбергенқызы жауап береді. 

- Рауза Тәңірбергенқызы, аллергияның қазіргі әлемдік ахуалы қаншалықты?

- Қазір дүниежүзіндегі әрбір үшінші немесе төртінші адам аллергия жұқтырған. Өсімі 15-20%. Егер осылай жалғаса беретін болса енді бір 20-30 жылда әлемдегі адамзат баласының 60-70%-ы аллергиямен ауырғыш болуы ықтимал. Тамақ аллергиясы адамға бір жасқа дейінгі нәресте шақтан жұғады. Сәбиге сиыр сүті, жұмыртқа, томат өнімдерін бермеген жөн. 

- Маусымдық аллергиялар қанша жастан пайда бола бастайды?

- Маусымдық аллергия адамда 3-6 жастан пайда болады. Респираторный, деп те айтады. Демікпесі бар балалар жиі болатын аллергия. Маусымдық аллергия бірінші кезеңі көктемде пайда болады. Бұл кезде тал, теректердің тозаңдары шықса, екінші кезеңінде шілде, тамыз, қыркүйек айларында қурай тектес шөптердің тозаңы аллергия жұқтырады. Әсіресе, күн ыстық, құрғақ кезде шығатын қурайдың тозаңы аллергияны қоздырады. 

- Аллергияның алғашқы белгілері қандай,иммунитеті төмен адамдар осы кезеңде қандай сақтық шараларын қолданғаны жөн?

- Әлбетте, иммунитеті төмен адамдар аллергия жұқтыруға бейім болады. Алғашқы белгілеріне келер болсақ, адамның мұрны бітеліп, түшкіріп, көзі ашып, жөтеледі. Демікпесі бар адамдардың талмасы ұстап қалуы мүмкін. Сондықтан осы кезеңде сыртқа көп шықпай әйнек терезелерін жауып ұстаған дұрыс. Егер сыртқа шығатын болса ауыз мұрынға маска тағып, көзге көзілдірік киген абзал. Және де үйге келген соң жақсылап жуыну қажет.Аллергия маусымы кезінде неғұрлым диета ұстаған жөн. Балада аллергияның белгілері байқалса дереу жергілікті жердегі емханаларға барып өз дәрігерлеріне қаралған жөн. Олар аллерголог мамандарға жолдама береді. Өз беттерінше ем-дом жасамауға кеңес береміз. Демікпесі бар адамдардың тыныс алу жолдары жабылып қалса өліп кетуі де мүмкін ғой. 

- Халық емшілігінің ем-домына жүгінуге бола ма?

- Фармацептика дамымаған кезде болатын. Қазірде халық емшілеріне қаралатындар бар. Әйтсе де, дәстүрлі медицинаның көмегіне жүгінген жөн. Аллергиямен ойнауға болмайды. Аллергияның таралуы бәсең кезде толықтай дәргерлік терсеруден өтіп, емделген дұрыс.   

- Рауза Тәңірбергенқызы, сұхбатыңызға рақмет!

Сұқбаттасқан Есенбек Санатұлы

Алмат Тұрысбекұлы, кардиохирург: «Өзімнің жүрегімдей қайда маған...»
Дамир Дәулетбаев: «Обыр ауруын емдеу үшін көптеген жаңа технологиялар қолданылады»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу