Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
Немере ағам екеуміз кішкентайымыздан бірге өсіп келеміз. Әр жаз сайын біз ата-әжемізге ауылға барып демалып қайтатын едік. Балық аулап, өзенге түсіп, ауыл балаларымен түрлі ойындар ойнау біз үшін өте қызықты болатын. Кешке бәріміз жиналып алып, жарыстар ұйымдастырып, бір-бірімізбен бақ сынасып, содан соң жеңген адамға сыйлық дайындап, түрлі қызық дүниелер ойластыруға құмар едік. Осы жолы кешке біз күндегіден бөлек басқа іспен айналысқымыз келді. Ағам екеуміз далаға шығып, алдымен отыратын ыңғайлы орын іздедік. Айдың жарығы түсіп тұрғаны жақсы болды, екеуміз бір ағаштың төбесіне өрмелеп алдықта әңгіме-дүкен құрдық. Бүгінгі әңгіме мүлдем басқаша. Қорқынышты оқиғалар бірінен соң бірі айтылып жатыр, айтылып жатыр. Екі сағаттың қалай өтіп кеткенін байқамай қалдық, сағат түнгі 2.00. Бір сағаттан кейін үйде болатын адамдар едік, уақытты көріп асығыс-үсігіс ағаштан түсіп жатырмыз.
Бір кезде қиқылдаған дыбысты құлағымыз шалып қалды. Біраз тынды да, бір-екі минуттардан кейін қайтадан естілді. Бізге не дыбыс екені қызық болып барады, дыбыс шыққан жаққа қарай беттеп, ағаштар арасында өрмелеп жүрміз. Ағам менің артымынан келе жатыр. Қолымызда сіріңке бар болатын, жағылғанынан өшуі тез болса да,соны жағып, әйтеуір әлгіні көріп үлгердік. Қап-қара, түрі де бажырайған үлкен құс. Тырнақтары ұзын-ұзын, бізге бадырайып қарап тұр. Шошып кеттік. Екеуміз бойымызды үрей басқан күйі жылдам-жылдам ағаштан түсіп жатырмыз. Бағана әзер дегенде жоғары мініп едік, қалай тез түскенімізді өзіміз де байқамай қалдық. Осы бетімізде үйге қарай жүгірдік. Үйге келген соң, енді ұйықтай алар емеспіз,қорыққанға қос көрінер, қап-қара құс қасымызға келіп тұрғандай болып елестейді. Таңның атуын күтумен болдық. Әйтеуір, бір қарасақ, күн шығыпты, ертеңгісімен жанағы жерге атамызды ертіп, барып көргенбіз, тек құстың іздері ғана қалған. Осыдан кейін мұнда түнге қарай мүлдем жоламайтын болдық. Ал бізге кешке қарай әңгімелесу үшін ата үйшік жасап берді.
Дереккөз : anabol.kz