Қазақстанда блогерлер салық төлейтін болды
15-01-2024
Орнымен жұмсап, орнықты ұстағымыз келеді-ақ. Алайда, ақшаның заманы ойнаған дәуір емес пе? Бірде бар, бірде жоқ. Қалай болмасын, ақшамыз жеткілікті болған күннің өзінде оны көбейтудің жолын іздеп тұратынымыз рас. Осы орайда anabol.kz ақшаны сақтай отырып, көбейтудің 6 тәсілін ұсынады.
Бірінші ереже
Ақша қолыңызға түскеннен кейін бар қаражатты үйге алып келіңіз. Оны жолда анаған-мынаған жұмсаудың қажеті жоқ. Егер үйге азық-түлік немесе басқа да заттар керек болса, арнайы есептеп ақша бөліңіз. Жаңадан түскен қаражат бұрынғы ақшалармен бірге сақталып тұрғаны жөн.
Екінші ереже
Ақшаны да дұрыстап, ретімен, әдемі ұстай білу де өнер. Оның өңі көрініп тұрсын, әмияныңызды ашқан бетте беті бері қарап тұрғаны абзал.
Үшінші ереже
Ақшаңызды қайда құртқаныңызды есептеп жүріңіз немесе бір кітапша арнап түртіп алғаныңыз дұрыс. Есесіне, қалай, не үшін кеткенін білесіз. Ай соңында кітапшаңызға назар салыңыз. Сонда ақша ұстаудағы өз кемшілігіңізді білесіз. Ал ақшаңыз одан сайын көбея түседі.
Төртінші ереже
Дүкеннен қалған ұсақ ақшаны кез-келген жерге қалдыра бермеңіз. Есіңізде болсын, «тиыннан да ақша құралады». Одан да бір банка арнап сол ұсақ тиындарды сала беріңіз. Күндердің күнінде ақшаңыздың қалай көбейгенін өзіңізде байқамай қаласыз.
Бесінші ереже
Үнемдейтін уақытыңызды біліңіз. Егер сіз алған сағат екінші жерде арзанырақ болса, жалқаулық танытып, бірінші көрген дүкеннен ала салмаңыз.Қашан да қарап, зерттеп, пысықтап алып, іске кірісіңіз.
Алтыншы ереже
Әр адамның әмиянында «бақыт» доллары болған жөн. Мәселе долларда емес, тенге, рубль, юань, бәрібір, бастысы, әмиянның тұмары болғай. Оның міндеті мәңгілікке өз орнында қалып, басқа ақшаларды шақыру.
Дерееккөз : anabol.kz