Инстаграмда қалай танымал болуға болады?

Oinet.kz 26-02-2019 1433

425-1476212505-e0f52d99f7.jpg

Әлемдегі барша халық арасында инстаграм кеңінен қолданысқа ие. Өйткені, бүгінгі күні Инстаграм ең қызықты әлеуметтік желі болып табылады. Қызықтыдан бұрын, әлеуметтік желі сәнге айналды, ол арқылы танымал болатындар да аз емес. Сізде өзіңіздің достарыңыз бен таныстарыңыздың суреттерін қарап отыра бермей, танымал болғыңыз келсе бұл мақала сіздің назарыңызға!

Керемет суреттер

Алғашқы және басты талап- ең керемет суреттеріңізді салыңыз. Көзге бірден түсіп, баурап алатын әрбір суреттің дәнегі болуы керек. Шыныменде, егер сіздің күнделікті «керемет» суреттер салуға мүмкіндігіңіз бар болса, танымалдылық сізге өзі-ақ келеді. Дегенмен, мұндай мүмкіндік күнде табыла бермейтіні рас.

«Париж, Лондонда демалмадым» деп ренжімеңіз, онсыз да өмірдің естен кетпес сәттерінен қызықты суреттер жасауға болады. Ескере кеткейсіз, жеген асыңыз бен ит-мысықтардың суретін танымалдыдық алып келмейді.

Статистика бойынша, Инстаграмдағы ең танымал суреттерді лайфстайл (керемет машиналар мен қымбат үйлер, әдемі өмірдің бөлшектері) алса, екінші орында отбасылық суреттер мен балалар бейнесі, мереке-думан.

Тағы айта кететін жайт, егер сізде күшті суреттер көп болса, олардың барлығын салмай тұра тұрыңыз, себебі, оның кейбіреуі назардан тыс қалып қоюы әбден мүмкін.

Хэштег пайдаланыңыз!

Хэштегтер міндетті түрде суретіңізді көп адам көруіне мүмкіндік береді. Инстаграмда белгілі бір орындар мен заттарды хэштег арқылы іздейді, сондықтан хэштегті нақты қоя біліңіз. Сонымен қатар, қазіргі таңда қандай хэштегтердің танымал екендігін біліп алғаныңыз жөн. Және әр суреттің мағынасына сай келмейтін хэштегтерден аулақ болғайсыз.

Суреттің түсірілген орнын белгілеңіз!

Адамдар қалай болмасын өздерінің болып көрмеген немесе білетін орындарының суретін көреді. Түсірілген орны арқылы сіздің де профильге жол ашылады. Демек, тіркелушілер санын көбейтуге тағы бір мүмкіндік.

Тіркеліңіз, лайк басып, пікір қалдырыңыз!

Көңілді болыңыз және тез тіл табысуға тырысу керек, өмірде ғана емес, инстаграмда да. Сізбен ұқсастықтары мен көзқарасы сәйкес келетін адамдарға тіркеліңіз. Бастысы, шын ниетіңізбен іске кірісіңіз!

Қызығушылықтары өзіңізбен бірдей адам табу оп-оңай. Инстаграмдағы «Рекомендуемые пользователи» нұсқамасын бассаңыз болғаны!

Енді тіркелушілер санын көбейтетін пайдалы ақпарат бере кетейік:

Егер суретіңізде лайк пен пікір көп болсын десеңіз, басқалармен жақсы қарым-қатынаста болыңыз. Яғни, басқа адамдардың суретіне шын жүректен пікір қалдырсаңыз, сіздің профиліңіз де оларға қызықты болмақ.

Ал егер сіз пікір қалдырудың шебері болмасаңыз, «лайк» басудың түк қиындығы жоқ. Есеппен алғанда, әрбір басқан 100 лайкка, ең құрығанда, жауап ретінде 21 лайк келеді, тіркелушілер саны да артады. Сонымен қатар, сол адамның достары сіздің суретіңізге лайк басқанын көрсе, оларға да ұнамауы ғажап емес.

Профиліңіді ашық қалдырыңыз!

Инстаграм аккаунтіңізді басқа әлеуметтік желілермен байланыстырып қойыңыз.

Дереккөз : anabol.kz

Ақша көбейтудің ең тиімді 6 тәсілі
Неге жігіттер маған үйленуге ұсыныс жасамайды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу