Жұмыстан жүкті кезде шығарып жіберсе нені есте сақтау керек?

Oinet.kz 26-02-2019 1666

783-1476211345-5dc75b2243.jpg

Бастығым ауысқан кезде кеткен бастықпен бірге түрлі себептермен  мен де жұмыстан шығарылдым. Тура сол уақытта аяғым ауыр болыпты. Оны  бұйрық шығып қойғаннан кейін білдім. Жүкті екенімді білген соң, мен басқа жұмысқа кіре алмадым. Соның салдарынан маған тиесілі декреттік жәрдемақымнан қағылдым. Бұндай жағдайда не істеуге болады? Болашақта қыздар менің қателігімді қайталамас үшін сұрап отырмын.

Жаннұр, 31 жаста. Алматы қаласы.

Сарапшы – Ғалым Кеңесбай, заңгер:

Сіздің жағдайыңызда гинеколог дәрігерден жүктілік мерзімі көрсетілген қорытынды анықтама алу керек. Жұмыс орныңызда бұйрық шығып қойса, (қандай себеппен жұмыстан босатылғаныңызға қарамастан) жүкті екеніңіз анықталғаннан соң, жауапкердің (жұмыс берушінің) тіркелген мекен-жайы бойынша аудандық сотқа бұрынғы қызмет орныңызға қайта алу туралы және жұмыссыз жүріп қалған күндеріңіз үшін жалақы төлеу туралы талап-арыз жаза аласыз. Сот тәжірибесі көрсетіп отырғандай, сот әдетте бұндай талап-арызды толықтай қанағаттандырады, себебі еңбек заңнамасы бойынша жүкті әйелді жұмыстан шығаруға қатаң тыйым салынады. Сәйкесінше, жұмысқа қайта қабылданғаннан кейін жұмыс беруші «босанғаннан кейінгі жәрдемақыны» да төлеуге міндетті. 

 

Дереккөз : anabol.kz

Ойын-күлкі – витамин!
Ұялы телефон мен планшеттің қандай зияны бар?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу