Адамдар неге қайғырады?

Oinet.kz 25-02-2019 1432

5c5422b3c9772.jpg

Біз неге қайғырамыз? Себебі, қайғыру адам болмысына тән құбылыс. Қайғының арқасында мінезімізді өзгертеміз. Бұл адам эволюциясы: пенде баласы әрдайым беймаза ізденісте өмір сүреді, көп нәрсеге көңілі толмайды, себебі толық қанағаттанбаған сана және мазасыз болмыс алға жетелейді, жаңаны жасауға итермелейді, тірі қалуға себепші. Біздің болмыс-бітім осындай: қолда барға қанағат ете алмаймыз, уысқа түспегенге қанағат қыламыз. Бойға сіңген қанағатсыздық адам баласын үздіксіз алға сүйреп, күресуге, соғысуға, жаңаның іргесін қалап, бөтенді басып алуды үйретті. Біздің қайғы мен бақытсыздық - адам эволюциясының қателігі емес, ерекшелігі.

Марк Мэнсон

Аударған Шынар Әбілдә

Ең күшті махаббат – әлсіздігін көрсетуден қымсынбаған махаббат
Рухтың жасықтығынан қауіпті күнә мен қатер жоқ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу