Түркістан 1 жаста!

Oinet.kz 24-06-2019 664

Screenshot_11.jpg

Түркістандықтар мен қала қонақтары «Есімхан» алаңына жиналып облыстың 1 жылдығын кең көлемде атап өтті. Қонақтар өңірден шыққан өнер жұлдыздарының «Ән шашуым өзіңе, Түркістаным!» атты мерекелік кешін тамашалады. Гала концертте Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, Сейфуллин Жолбарыс, Дана Кентай, Қанат Үмбетов, Әлия Әбікен, Айгерім Қалаубаева, Зарина Омарова және «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі өнер көрсетті. Концерттің соңы отшашуға ұласты.

Шарада Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев барша тұрғындарды мерекемен құттықтады. «Көне шаhар күннен-күнге көркейіп, заманауи келбетке ие болып келеді. Бүгінгі таңда, құрылысы қарқынды жүріп жатқан Түркістанда 130-дан астам нысан салынып жатыр. Осы орайда, мен  қаламыздың көгалдануы мен тазалығына  мән беріп, азаматтық белсенділік танытып жүрген қала тұрғындарына өз ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ, киелі мекеннің гүлденуіне атсалысып келе жатқан күндіз-түні тынбай еңбек етіп жүрген инвесторларды  марапаттағым келеді,» – деді облыс әкімі.

Салтанатты жиында Түркістанның құрылысына үлес қосып жатқан әкімдіктер мен компаниялар түрлі аталымдар бойынша марапатталды. Атап айтқанда, «Үздік инвестор» номинациясы – «Медиа-орталықтың» құрылысы бойынша Алматы қаласының әкімдігі, «Шығыс моншасының» құрылысы бойынша Қызылорда облысының әкімдігі, Әуенді субұрқақтың құрылысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Көпсалалы «Конгресс орталығы» кешенінің құрылысы бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ-ға бұйырды. «Үздік демеуші» номинациясы – Түркістан қаласындағы Халықаралық әуежайдың құрылысына демеушілік еткен «Yda insaat sanayi veticaret anonim sirketi» АҚ және «RIXOS Khadisha TURKESTAN» қонақүй кешенінің құрылысына демеушілік еткен «МұнайқұрылысСервис» ЖШС-на берілді. Ал «Үздік құырылысшы» аталымымен – Түркістан қаласының орталығындағы көшелерге ағымдағы жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізген «Ақжол» ЖШС марапатталды.

Спорт клубы ашылды
Субсидия шаруаларға көмек болып тұр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу