Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
1. Махаббат деген от. Ол жүрегіңді жылыта ма, әлде өміріңді өртей ме – оны ешқашан айыра алмайсың.
2. Егер түндер мен сені ойлағандай мерзімге созылса, ешқашан таң атпас еді.
3. Адам сөзбен емес жүрекпен сүйеді. Бірақ сүйген жүрек сүйіктісінен сол ғажайып үш сөзді күтеді.
4. Махаббат үнемі тәуекел ету. Біреу сый ұтады. Біреу оңбай ұтылады.
5. Бақытты адамдар үнсіз келеді.
6. Бала деген бақыт. Бақытсыз өмір сүруге болмайды.
7. Ең жақсы адам өз отбасына жақсы қараған адам.
8. Махаббат сатылмайды. Ол лайықтыларға ғана бұйырады. Бұйырған екен ажал айырғанша бағала.
9. Құс қоректену үшін құмырсқа жейді. Ал, өлсе, оны құмырсқалар жейді. Жағдай кез келген сәтте өзгеруі мүмкін. Өміріңе енген адамдарға қоқан-лоққы көрсетпе, ешкімді жек көрме, текке зияныңды тигізбе. Сіз бүгін мықтысыз! Бірақ уақыт сізден де күштірек! Бір ағаш пәлен мың сіріңкенің талын береді. Алайда, бір тал сіріңкемен пәлен мың ағашты өртеуге болады.
10. Адам сынған жерінен бастап мықты болады. ©Эрнест Хемингуэй.
Аударған Шынар Әбілдә
Қабылан ақпараттық порталы