Гүл жаңбырмен өседі. Найзағайдан емес

Oinet.kz 14-02-2019 999

Screen-Shot-2018-01-19-at-10.12.56-678x381.png

Эрих Мария Ремарк

1. Сезуден қорықпаймын, сезімге батып кетуден үрейленем. Тәннің ауырғанынан емес, жанның жабырқауынан қорқам. Сүюден қорықпаймын, керексіз болудан шошимын. Өлімнен қорықпаймын, шын сүйгенімнен айырылып қалудан жаным түршігеді.

2. Егер біреу сізден бас тартса, оған налымаңыз. Әдетте адам қымбат дүниеден тез бас тартады. Өйткені, өзін қазынаға лайықсыз сезінеді. @Ошо

3. Құлағының ұшымен естіп, көзінің қырымен көреді де, миының қалдығымен ар жағын өздері ойлап алатын адамдар көбейді.

4. Сөзді таңдап айт. Дауысыңды көтерме. Гүл жаңбырмен өседі. Найзағайдан емес.

5. Ақталу - әр адамның өзін жұбандыратын өтірігі. Бала сияқты жылап-сықтауды, шағым айтуды доғарыңыз. Ақталу адамды жұтатады. @Роберт Кийосаки

6. Егер жан деген сүю, адал болу, ризашылықты білдіру болса, онда жануарлардың жанына терең бойлау мүмкін емес. @Джеймс Херриот

7. Әлі ештеңе де аяқталған жоқ. Адам өлгенде ғана бәрі бітеді. @Эрих Мария Ремарк

8. Адамды елемеу – көнеден келе жатқан зорлық көрсетудің бір түрі.

9. Өзіне қиянат жасаған жанға жымиған кезде адам есейеді.

10. Сен істемесең, басқа істейді. Сен жазбасаң, ол жазады. Жанында сен болмасаң, онда басқа болады. Өзіңді қолға алып, есеймесең, үнемі екінші, бесінші, тізімнің соңында боласың. Сенің орныңды басатын біреу қай кезде де табылады.

Аударған Шынар Әбілдә

Қабылан ақпараттық порталы

Нағыз әйелге жаныңды суырып бермейінше, тәніне қол тигізе алмайсың
Махаббаттың ішкі дауысы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу