Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
1. Кейде адам өзі нені қалайтынын білмейді. Ақылы былай тартса, жүрегі басқаны қалайды. Таңдауды ақылға ғана салуға болмайды. Өзің шын қалайтыныңа ұмтыл. Егер көп жылдан кейін сүймейтін әйеліңе, ұнатпайтын жұмысыңа, қаламаған өміріңе куә болғың келмесе...
2. Жаныңыз жай табатын жерұйық іздеп әуре болмаңыз. Өзіңіз жүрген жердің бәрін жерұйыққа айналдыруға дағдыланыңыз.
3. Әр адам қалағанын жасауға құқылы, егер сол үшін жауапкершілікті мойнына ала алса (Сомерсет Моэм).
4. Ең даңғыл жол – үйге бастайтын жол.
5. Ешбір жаманатты қабылдама. Оны сен қабылдамағанша, ол әкелген адамдікі болып қала бермек (Будда).
6. Нағыз жаңалық – жаңа жағалау табу емес, өмірге деген көзқарасты өзгерту, айналаңа жаңа көзбен қарау.
7. Егер өмірдің өзі тізерлетсе, қолыңды жайып дұға қыл. Сосын тұр да, жолыңды жалғастыр.
8. Кейде маңызды бірдеңе айтайын дейсің де, күте тұрайын деп шегінесің. Сосын оны айтудың еш қажеті жоғын түсінесің. Әрбір сөз бен сезімнің өз уақтысы болатынын ұмытпаңыз.
9. Ертең - қателігі жоқ жаңа күн.
10. Адамның жүзі көп нәрседен хабар береді. Бетіне қарап адамның иманы бар ма, жоқ па бірден білуге болады. Иманын жоғалтпаған адамның жүзі нұрланып тұрады. Махаббат шуағын шашады. Шуақ шашпағандар бақытсыз жандар (Банана Ёсимото).
11. Ештеңені ұстамайтын адам бәріне ие.
12. Қарым-қатынастағы ең бағалы нәрсе – өзара келісім.
13. Өзің қашқан нәрсенің бәрі тек сенің санаңда ғана бар.
14. Сәл күтсең, күн шығады. Керек кезде үнемі кешігетін әдеті.
15. Адамды сыйлау, не сыйламау – сіздің таңдауыңыз. Ал, сыйластық білдіру – сіздің тәрбиеңізге байланысты.
16. Сүрінбейтін тұяқ жоқ. Қателігін мойындау - даналық. Кешірім сұрау - мықтылық. Кешіре білу - сұңғылалық. (Тай мәтелі)
Аударған Шынар Әбілдә
Қабылан ақпараттық порталы