Ұрпағыңа қалдырар ұлағатты мұра - жақсы мінез

Oinet.kz 11-02-2019 1325

44644094_311944059626294_1153698433518452313_n.jpg

Сүлеймен сұлтан:

1. Ең үлкен қазына – ақыл. Ең қорқынышты қайыршылық – надандық. Ең қауіпті күнә – өзіңді артық санау. Ұрпағыңа қалдырар ұлағатты мұра - жақсы мінез.

2. Ақымақпен дос болма, жақсылық ойлап та қиянат жасауы мүмкін. Сараңмен дос болма, сен мұқтаж болғанда жаныңнан табылмас. Қызғаншақпен дос болма, басыңа күн туғанда көк бақырға сатып кетеді. Өтірікшімен дос болма, ол сағым сияқты: алысты жақындатып, жақынды алыстатып жібереді.   

3. Егер шешім қабылдағаннан қиын нәрсе болса, ол қабылданған шешімнен бас тарту. Кейде бұл әлсіздік, кейде артықшылық.

4. Басыңа түскен қиындыққа төзе алмасаң, қайғы артыңнан қалмайды. Алға бір қадамда баса алмайсың.

5. Эй, махаббат, мен келістім, келе бер... Жүрегімді кеудеме сыйдырмай, өлтіре бер күн сайын... Ал, сосын бір сүйіспен қайта тірілт өмірге... Жылуың мен нәзіктігіңе бөле... Жаныма күн болып шуақ шаш, айдың нұрына жасыр...

6. Егер мен өлсем, менің күнәм сендік болады. Өйткені, мені қинаймын деп тамырымда ыстық қан болып тулайсың.

7. Нағыз еркек екі жағдайда көзіне жас алады: шынайы махаббат пен өлімнің алдында ғана.

8. Ар азабының алдында әлем падишасы да адам болып қала береді.

 

Хюррем сұлтан:

1. Мыңдаған сұлу сенің есіміңді айтып айғайласа да, менің сыбырым бәрінен зор естілер.  

2. Бірде бір от мені өртей алмайды. Өйткені, от деген менмін!

3. Жанымның  падишасы, Сіздік әділеттің алдында қылша мойным талша!


Аударған Шынар Әбілдә

Қабылан ақпараттық порталы


Ізденіс - ертеңнің кілті, өткеннің құлпы
Бас ауруынан жылдам арылудың 6 тәсілі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу