Баян Мақсатқызы: «Бізде қыздардың тең жартысы тұрмысқа шыққанша түсік жасатады»
Баян Мақсатқызы Қазақстанда қыздардың 50 пайызы тұрмысқа шыққанға дейін түсік жасататынын айтты. Бұл туралы ол Real gap бағдарламасында хабарлады.
- Қазақстанда жыныстық қатынас – мүлдем жабық тақырып. Барлығы тұрмысқа пәк болып шығады деген стандарт бар. Солай ма? Жоқ, бар болғаны солай деп ойлайды. Сөзіме сеніңіздер. Бізде қыздардың 99%-і тұрмысқа пәк болып шықпайды. Тіпті, олардың 50%-і тұрмысқа шыққанға дейін түсік жасатып үлгереді», - дейді продюсер.
Әрі қарай ол қазақстандықтар үшін қорқынышты деген статистиканы келтірді. Айтуынша, мұны өзінен басқа біреудің айтуына батылы жетпейді.
- Қазақстан балалар түсігі бойынша әлемде шамамен үшінші орынға жақындайды. Бұл туралы айтып отырған жалғыз адам мен шығармын, - деді Баян Мақсатқызы.