Мұхамеджан Тазабек ашық-шашық киінетін қыздар еркектерді импотенцияға шалдықтыратынын айтты

Oinet.kz 01-08-2019 2724

Screenshot_29.jpg

"Асыл арна" телерадиокомпаниясының Бас директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мұхамеджан Тазабек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ашық-шашық киінетін қыздарды сынға алды. Оның айтуынша, жартылай жалаңаш жүретін қыздардың салдарынан ер-азаматтар қатерлі ісік пен импотенцияға шалдығады:  

"Қазіргі таңда қыз-келіншектердің ашық-шашық киінуі күн сайын көз көріп жүрген қалыпты жағдайға айналды. Ал сол жалаңаштанудың «өз иесімен» қоса, айналасындағыларға аса қауіпті екенін білеміз бе? «Әйелдердің «барын» көрсетіп жүруі – ер адамдардың құмарлығын оятып, «жыныстық стресс» туындатады, соның әсерінен ауыр ішкіоргандық «жыныстық кері қайту» комплексі іске қосылады, ал ол – импотенция мен рак ауруларына алып барады» дейді дәрігерлер.

Қазіргі таңда аденома мен простата рагына шалдыққан ерлердің саны күн сайын артуда (әлем бойынша ер адамдардың 40 %-ы осы ауруға шалдыққан). Бұл әсіресе, шешіну «сәнге» айналған еуропа елдерінде кең тараған (біздің еліміз де шет қалмайды). Орта есеппен, ер адам «жалаңаш денелерді» күніне 100-200 рет көреді. Ойы бұзылған оның құмарлығы қанағаттанбағандықтан, ағзасы ішкі канцерогендік, қиратушы шабуылға тап болып, онкологиялық ауруларға ұшырап тынады. Ақырында, 40 жасқа жетпей жатып ұрпақ сүю қабілетінен айырылады.

Осылайша, көшеге жалаңаштанып шыққан қыз-келіншектер өз денсаулықтарын құртумен қатар, ер адамдардың денсаулығына да қабір қазуда. Дәл осылай жалғаса берсе, ұрпақ сүюден қалған кез келген елдің түп-тамырымен жойылатыны анық.

Ал дінімізде әйелдің ашық-шашық киінуіне тыйым салынған. Оларға (харамға) қараған ер адамдар да үлкен күнәға бататыны айқын нәрсе, - дейді Мұхамеджан Тазабек. 

Қазақтың генералдары
Тума талант Қайрат Нұртас пен Ержан Максим қазақстандықтарға тегін концерт береді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу