Тума талант Қайрат Нұртас пен Ержан Максим қазақстандықтарға тегін концерт береді

Oinet.kz 01-08-2019 2475

Screenshot_33.jpg

3 тамыз күні отандық танымал әнші Қайрат Нұртас және жас талант Ержан Максим елорда жұрты мен қонақтары үшін тегін концерт өткізеді, деп хабарлайды Елорда Инфо. 

«Талантты орындаушы, ресейлік Бірінші телеарнада өткен «Дети. Голос» жобасының финалисі тыңдаушыларды бей-жай қалдырмады. Өзінің жас ерекшелігіне қарамастан ерекше музыкалық дарын иесі. 3 тамызда жас әнші сүйікті халық әндерін және «Дети. Голос» шоуы аясында шығарылған әндерді шырқайды», - деп жазылған Astana EXPO-ның ресми сайтында. 

Концерт осы сенбі күні кешкі сағат 20:00-де EXPO-ның жазғы алаңында өтеді. 

«Қазақстандық мега-танымал әнші - Қайрат Нұртастың концерті өтеді. Қайрат өз жанкүйерлеріне шын жүректен орындайтын сүйікті әндерінің тегін музыкалық кешін ұсынады. Кешке келіп, оның ескі және жаңа хиттерін тыңдап, таңғажайып музыкалық кештен ләззат алыңыз», - делінген ақпаратта.

Мұхамеджан Тазабек ашық-шашық киінетін қыздар еркектерді импотенцияға шалдықтыратынын айтты
Басты назарда – экологиялық туризм мен рекреацияны дамыту
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу