Ана мен балаға қамқорлық жасау – маңызды міндетіміз

Oinet.kz 31-08-2023 1197

Ана мен балаға қамқорлық жасау – мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі. Ал, қамқорлық жасау жөніндегі шараларда көршілес елдердің тәжірибесіне жүгіну аса маңызды. Ана мен баланы қорғау үшін жоспарлы іс-шаралар көші алға қойылған. Соған байланысты, еліміздің түкпір-түкпірінде ана мен бала үйлері жүйелі жұмыс істеп келеді. 

Screenshot_13.jpg

Мысалы, Өскемен қаласындағы ана мен бала орталығында ем қабылдайтын жүкті әйелдер үшін медициналық жағдай жоғары деңгейді жасалған. Науқастарға дер кезінде ем көрсету, сапалы қызмет көрсету үшін мамандар барын салады. Орталыққа түскен әрбір жүкті әйелдің денсаулығы толық медициналық сараптамадан өтіп, сәйкесінше ем қабылдайды.

Ана мен бала орталығының бас дәрігері Ермек Омарбеков: «Елімізде ана мен балаға қамқорлық жасау, олардың денсаулығының жақсы болуы үшін жағдай жасау қарқынды дамып келеді. Президентіміздің өзі осындай тапсырма жүктеген. Сондықтан да, ана мен бала орталығының қызметіне жүгінген әрбір ана мен сәбиге моральдық, материалдық, психологиялық көмектер көрсетеміз. Барлық қызмет тегін көрсетіледі. Дағдарысқа ұшыраған аналармен арнайы псилогтар сұхбаттасып, ортаға бейімделіп кетуіне үлес қосады. Аналар мен бейкүнә сәбилердің үйлеріне қайта оралуы үшін де оларды жақындарымен кездестіріп, араздасқандарын татуластыруға тырысамыз. Біздің ең негізгі маңызды міндетіміз – ана мен балаға қамқорлық жасау», - дейді.

Анаға пана болған орталық
«Діни ағымдардың ортасына айналдырмауымыз керек»: Қошанов даулы мәселеге пікір білдірді (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу