«Діни ағымдардың ортасына айналдырмауымыз керек»: Қошанов даулы мәселеге пікір білдірді (видео)
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мектепте хиджаб киюге байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Мәжіліс төрағасы балалар мен оқытушыларды басқа мәселеге алаңдатпауын сұрады.
"Шынында да бұл мәселе бойынша алуан түрлі пікірлер айтылып жатыр. Оны өздеріңіз де біліп отырсыз. Бірақ біз - зайырлы мемлекетпіз. Сонымен қатар, Конститутциямызда дін бостандығы туралы жазылған. Өзінің діни рәсімін жасаймын деген адамдарға шектеу жоқ. Өзінің діни рәсімін атқарамын деген азаматтарға қай дінді ұстанса да, мешіт пе, шіркеу ме, жоқ әлде басқа да діни орталықтарына барып, діни рәсімдерін өткізуге мүмкіндіктері бар. Ал мектепке келсек, оқу орнын саяси немесе діни ағымдардың ортасына айналдырмауымыз керек, ол - білім ордасы. Мектепте тек білім берілуі керек. Сондықтан біз балалар мен оқытушыларды басқа мәселеге алаңдатпауымыз керек және министрліктің мектепте қандай формаға қатысты стандарттары бар. Сол стандарттарды ұстану керек", - деді спикер.