Ана мен баланы қолдау

Oinet.kz 31-07-2023 719

Елімізде ана мен баланы қорғау, демографиялық жағдайды жақсарту мақсатында мемлекеттік жәрдемақылар қарастырылған. Балалы отбасыларға Үкімет тарапынан төрт түрлі жәрдемақы беріледі. Мемлекет төлейтін көмек азаматтың тапқан табысына қарамастан тағайындалады.

Screenshot_12.jpg

Мәселен, үш балаға дейін 131 100 теңге, ал төртінші баладан бастап 217 350 теңге беріледі. Бала күтімі бойынша берілетін жәрдемақы бала туған күннен бастап 1,5 жасқа дейін тағайындалады. Екінші, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жұмыс істемейтін ата-аналарға арналған жәрдемақылар мөлшері мынадай: бірінші балаға – 19 872 теңге, екінші балаға – 23 495 теңге, үшінші балаға – 27 083 теңге, төртінші және одан көп балаға – 30 705 теңге белгіленген. Үшінші, көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақыға тоқталар болсақ, кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалар, оның ішінде 18 жасқа толғаннан кейін, орта, арнаулы және жоғары оқу орындарында білім алатын студенттерді қоса алғанда төленетін ай сайынғы жәрдемақы мөлшері бала санына қарай есептеледі. Төрт балаға – 55 303 теңге, бес балаға – 69 038 теңге, алты балаға – 82 972 теңге, жеті балаға – 96 807 теңге, сегіз және одан көп баланың әрбіріне – 13 800 теңге қосылып отырады. Онлайн қызмет арқылы жәрдемақыны тағайындауға өтінім беруге болады. Алтын алқа, күміс алқамен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған бірінші, екінші дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналарға ай сайын 22 080 теңге жәрдемақы төленеді. 

Мемлекеттен бөлінетін жәрдемақыларды алып, өз игілігіне пайдаланып, сонымен қоса еліміздің демографиялық ахуалын жақсартуға үлес қосып жүрген көп балалы ананың бірі, Алтын алқа иегері – Шымкент қаласының тұрғыны Ақмарал Құдайбергенова. Келіндік қызметін адал атқарып, балаларына өнегелі тәрбие беріп отырған Ақмарал Түркістан облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының директоры, Қазақстанның педагогикалық академиясының профессоры. Жеті баланы өмірген әкелген көп балалы ана: «Әр бала өз несібесімен өмірге келеді. Ата-енем мен күйеуімнің көңілін тауып, балаларды өмірге әкеліп, оларға дұрыс тәрбие беріп, сонымен қоса мемлекеттік қызметтен де қол үзген емеспін. Мұның бәрі ата-енем мен күйеуімнің қолдауының нәтижесінде болып жатыр. Бұрыннан-ақ, көп балалы ана болуды армандайтынмын. Елімізде ана мен баланы қорғау, қолдау өте жақсы қолға алынған. Әр балаға Үкімет тарапынан жәрдемақы, жөргекпұл беріледі. Ай сайынғы алатын жәрдемақымыз балаларымның өз шығындарына жетерлік. Осы ретте, еліміздің басшысына, Үкіметтегілерге көпбалалы ана ретінде айрықша алғысымды білдіремін. Жас келіншектерге, енді ғана отбасылық өмірді бастап келе жатқан аяулы аруларға айтар кеңесім, балаларды қалай бағамын деп қам жемей, көп балалы ана болуға талпыныңыздар. Әр баланың несібесі болады. Үкімет ел демографиясын көтеруге үлес қосып жүрген аналарға барынша көмек беруде. Көп жағдайларда көпбалалы аналарға жеңілдіктер де қарастырылған» деді. 

Иә, ел тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсартудың негізі ана мен баланы әлеуметтік қолдау мен қорғаудан басталатыны даусыз. Бұл ретте еліміздегі заң талаптарына сәйкес жүргізілетін қолдаулар әрбір ана мен баланың бақытты өмір сүруіне кепіл бола алады.

Аида Өтеп

Ел дамуына үлес қосамын десеңіз еңбекқор болыңыз
Зорлық-зомбылыққа жол жоқ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу