«Жастар аллеясы» салынуда

Oinet.kz 01-07-2019 903

Screenshot_1.jpg

Түркістан болашақтың ғана қаласы емес, жастардың да ордасы. Шаһарда жастардың біліммен, ғылыммен, спортпен айналысуға көп мүмкіндік тумақ. Тек ол емес сондай-ақ жастар демалатын орындар бой түзейтін болады.  Мәселен, қаладағы бұрынғы «Селмаг» су қоймасының орнынан бой көтеретін «Жастар аллеясы» қала жастарының демалысы үшін тиімді әрі қолайлы орын болмақ. Мұнда бірнеше спорт алаңдары болады. Атап айтқанда  салауатты өмір салтын ұстану мақсатында қыз-жігіттер  алаңда теннис, волейбол, басткетболмен шұғылдана алады.  Тұрғындардың сүйікті орнында демалыс бастырмалары, субұрқақтар салынып, қызылды-жасылды гүлдермен көмкеріліп, биік ағаштар егіліп, абаттандырылатын болады. Сондай-ақ аллея түрлі іс-шараларды өткізуге қолайлы орны болмақ. 

Қазіргі таңда 3,3 гектар жерді құрайтын аллеяның аумағы тегістеліп, тазалау жұмыстары жүргізілді. Ескі су қоймасының су құбырлары ауыстырылып, траншеялар қазылуда. Су бұрқақтар құрылысы басталып, бетондау жұмыстары жүргізілуде. Салаға жауапты мамандардың мәліметінше демалыс орнының алдында арнайы автотұрақ  та салынатын болады.

Түркістаннан Нұр - Сұлтанға
Түркістан жастар көзімен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу