Түркістан жастар көзімен

Oinet.kz 24-06-2019 715

Screenshot_16.jpg

Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай «Turkistan ART fest» атты дәстүрге айналған жас дизайнерлер, суретшілер мен мүсіншілер, сәулетшілер мен зергерлер және қол өнер шеберлері арасында байқау өтті. Шараға 150- ге жуық жас қатысты. Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» ұйытқы болған байқау екі кезеңнен тұрды.

«Түркістан – кеше, бүгін, ертең» тақырыбын қамтыған үлкен көрме Есімхан алаңын шығармашылық орталыққа айналдырды. Байқаудың мақсаты - Тұғыры биік, тарихи маңызы жоғары Түркістанды жастардың көзімен көру. Шын шеберлерді бір арнаға тоғыстырып, олардың тәжірибе алмасуына жағдай жасау. Еңбекке деген шығармашылық қызығушылығын арттырып, креативті ойлауға, еңбегінің жемісті жалғасуына орта қалыптастыру.

«Талантты жастарды қолдау мақсатында өткізілген бұл жобамыз биыл ерекше өтті. Қатысушылардың саны көп. Бірінен бірі озады»,- дейді Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» талантты жастарға қолдау көрсету бөлімінің басшысы Жұлдыз Балтабаева.

Бірінші - кезеңде қатысушылар еркін тақырыптағы туындаларын көрсетіп, таңдалса, екінші айналымда Түркістан тақырыбын арқау етуі міндеттелді. Екі кезеңнің жиынтығы бойынша алты аталымның шын шеберлері марапат биігінен көрінді. Мақтау қағазы мен қаржылай сый-сыяпат жасалды.


«Жастар аллеясы» салынуда
Отбасы құндылықтарын дәріптеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу