"Аңсаған сәбимен" армандар орындалады

Oinet.kz 13-04-2023 384

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, елімізде онкологиялық және гематологиялық ауруларға күдік болған кезде тексеру мен емдеуді жеделдету үшін «Жасыл жол» енгізілді, оның шеңберінде онкологиялық ауруға күдігі бар пациенттер 18 жұмыс күні ішінде (зертханалық зерттеулер, ультрадыбыстық, рентген, ЭКГ, КТ, МРТ, сондай-ақ эндоскопия) консультация алады және тексеріледі.         

сайт 30 фото.jpg

Қызметтің басым бағыттарының бірі ана мен бала денсаулығын сақтау болып қала береді. 

2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша 2026 жылға дейін экстракорпоралдық ұрықтандыруға жыл сайын 7000 квота бөлу көзделген «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасы іске қосылды.  Осы бағдарламаның шеңберіне 2022 жылы қалада 413 квота бөлінді, 214 әйел жүкті болды, бүгінде 90 отбасы бала сүю бақытына ие болды. 

Бүгінгі таңда денсаулық сақтау жүйесінде 78 мың дәрігер, оның ішінде Шымкент қаласында 2 мың дәрігер жұмыс істейді. Өңірде дәрігерлердің тапшылығы 98 маманды құрайды.

2022 жылы ел өңірлеріне медициналық жоғары оқу орындарының 1 809 түлегі, оның ішінде Шымкент қаласына – 74 түлек бөлінді.

Дәрігерлердің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін, оның ішінде аса тапшы мамандықтар бойынша 2022 жылы республикалық бюджет есебінен 4700 білім гранты, оның ішінде 1500 резидентура гранты бөлінді. Шымкент үшін 74 грант бөлінді. 

Мемлекет басшысы үш жылдың ішінде резидентураға берілетін гранттар санының жыл сайын 70%-ға ұлғаюын қамтамасыз етуді тапсырды.  Биыл резидентураға 2 500 грант бөлу жоспарлануда.

Ағымдағы жылы сертификаттау курстары арқылы арнайы мамандарды даярлау үшін жаңа білім беру бағдарламалары енгізілетін болады.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Парламент Мәжілісінің қарауына медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі заң жобасы әзірленіп, енгізілді, оны депутаттар бірінші оқылымда мақұлдады. 



«Жексұрын болмасам екен»: Қарттар үйін паналаған танымал актриса ауыр тағдыры туралы айтып берді
Балабиев Мәжілісте елді алаңдатқан екі мәселені көтерді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу