МИБ-ті онлайн тіркеу енді оңай
23-04-2023
Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы «ШҚ №2 жеңіл атлетика мен велосипед спортынан Олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Бегалы Анарбековтің айтуынша, мектепте спорттың 4 түрінен 800-ге жуық спортшы жаттығады. Спорт түрлері: жеңіл атлетика, велосипед спорты, президенттік көпсайыс, өрт сөндіру және құтқару спорты.
Мектеп спортшылары 2023 жылдың қысқы маусымын жақсы нәтижелермен аяқтады. Айта кететін болсақ, мектебіміздің шәкірттері, 2023 жылдың қаңтар айында Астана қаласында жеңіл атлетикадан ересектер арасында өткен ҚР Кубогында спортшы Абдулазиз Абдукаюмов –800 м жүгіруден 1:50:15 уақытпен «ҚР Спорт шебері» атағын орындап шықты. Диана Тореханова 1 - 2 орын, Роман Пак - үш қадам аттап секіруден 2 орыннан көрінді.
Сонымен қатар юниорлар арасында өткен ҚР чемпионатында Данил Щукин – 1 орын, Екатерина Авдеенко - 1 орын, Шолпан Совет – 1 орын, Максим Ярыгин – 3 орын иеленді. Ал ересектер арасында өткен ҚР чемпионатында спортшыларымыз 1 алтын, 1 қола медаль жеңіп алды. 2023 жылдың ақпан айында жеңіл атлетикадан ересек жасөспірімдер (2006-2007 жылы туғандар) арасында өткен ҚР чемпионаты өтті. Жалпы медаль жиынтығы бойынша 10 – алтын, 4 – күміс,5 – қола еншіледік. Шымкент қаласы жалпы командалық есепте 2 орынға көтерілді.
Атай кетсек, Шерхан Егізбай - 5000м-ге спорттық жүруден – 1 орыннан көрініп,1989 жылдан арада 34 жылдан кейін Қазақстанда 22:54:04 уақытпен рекордты жаңартты. Жеңіл атлетикадан наурыз айында Алматы қаласында лақтырудан және ұзақ қашықтыққа спорттық жүру мен жүгіруден өткен ҚР чемпионатында спортшыларымыз 4 алтын, 3 күміс, 10 қола медальмен командалық 2 орынды иеленіп қайтты.
Шымкент қаласының жеңіл атлетикадан құрама командасынан 8 спортшы іріктеліп биылғы сәуір айында Ташкент қаласында жасөспірімдер арасында өтетін Азия чемпионатына қатысуға жолдама алды. Спортшы қызымыз Екатерина Авдеенко Кореяда өтетін Азия ойындарына қатысуға жолдамаға ие болды. Жалпы жеңіл атлетшілеріміз жақсы нәтижелермен қуантуда.