Бұрынғы стадион жөндеуден кейін қайта ашылады

Oinet.kz 03-04-2023 318

сайт19 фото.jpg

Биыл Шымкент қаласында пайдалануға берілетін үш спорттық нысан болса, соның екеуі ел игілігіне тапсырылды. Жобадағы үшінші нысан — «Металлург» стадионы. Қазіргі таңда стадионның реконструкциялау жұмыстары аяқталуға таяу. Жоба құны – 3 813,5 млн. теңге. Жаңартылған нысанда спортшылар үйі, ойын түрлеріне арналған 2 спорт зал, жекпе-жек спорт түрлеріне арналған 2 спорт зал, 1504 орындықты футбол стадионы қарастырылған.

Қайта қалпына келтіру жұмыстары «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында өткен жылдың наурыз айында қолға алынған. Мердігер мекеме - «Югстройсервис-Н» ЖШС-ы. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша спортшылар үйінде қабат аралық жабын – 50%, 1504 орынға арналған трибуна металлды құрылым монтаждау – 80%, шағал тас төсеу – 90%, спортзал жер жұмыстары – 40 пайызға орындалды. Нысанның құрылысына 60 жұмысшы, 5 техника жұмылдырылған. Құрылысын жыл соңына дейін тапсыру көзделуде. Айта кетейік, спорт кешені өткен ғасырдың 70-ші жылдары салынған және 2017 жылы әкімдік балансына өткен.

Жалпы аталған стадион құрылысы мерзімі ұзап кеткен нысандардың қатарында тұғын. Құрылыс басқармасының мәліметінше ол биыл маусым айында пайдалануға берілуі тиіс. Стадионды қайта жөндеу 2020 жылы басталған еді. Бірақ кейін мердігер компания құрылыс материалдарының қымбаттағанын алға тартып құрылыс жұмыстарын тоқтатып қойған еді. Алайда қаланың белсенді азаматтары құрылыстың жүрми қалғанын көріп мәселе көтерген.  

Ал бүгінгі таңда стадионның құрылысы өте жылдам қарқынмен жүріп жатыр. Қазірдің өзінде нысанның негізгі құрылыс жұмыстары бітіп қалғаны көзге жақсы көрінеді. Жоспарға сай мұнда тек футбол ғана ойнап қоймайды. Сонымен бірге спорттың 11 түрімен айналысатын болады. мың жарым адамға арналған мінбер бар, сондай-ақ  әкімшілік-тұрмыстық корпус, командалық ойындарға арналған спорт залдар мен Шымкентте тұңғыш ашылатын Спортсмендер үйі болады. 


Жаңа нысандар мегаполис спортын биікке көтереді
Спортшылар жетістігі көңіл қуантады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу