Жаңа нысандар мегаполис спортын биікке көтереді

Oinet.kz 04-04-2023 403

сайт18 фото.jpg

Президент тапсырмасына сай халықты бұқаралық спортқа тарту бастамалары еліміздің әр аймағында жүзеге асып келеді. Соның ішінде республиканың үшінші қаласында да бұл жұмыстар қарқынды қолға алынған

Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаты арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы қажет. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз» деген болатын. 

Осы мақсатты жүзеге асыруда меагаполис өңірлер арасында көш бастап келеді. әсіресе жан басына қаржыландыру бағдарламасы бойынша артспорты қалада жақсы дамыған. Мемлекеттің қолдауының нәтижесінде  спорт үйірмелері ашылып, талай мектеп оқушылары сонда спорттық жаттығуларға қатысуға мүмкіндік алды. 

Осындай жүйемен жұмысын бастаған спорт кешендерінің бірі – «Ануш». Бұл – мемлекеттік спорттық тапсырыстың аясында жан басына қаржыландыру жүйесі бойынша жұмыс істейтін Шымкенттегі ең үлкен спорт кешені деуге болады. Сонымен бірге аталған спорт кешені жаттықтырушыларының айтуынша қазір адамдар спортпен айналысу баланың денсаулығына да, тәрбиесіне де пайдалы екенін жақсы түсінеді. Күнделікті спортзалға келетін жеткіншектер түрлі жаман әдеттерден аулақ болып, ерік-жігері мен табандылығын шыңдайды. Болашақта мұндай балалар қиындыққа төзімді, тек қана алға ұмтылатын азамат болып өседі. Сол себепті ата-аналардың да, балалардың да ықыласы күшті. Ол үшін олардың алаңсыз әрі қауіпсіз жаттығуына барлық жағдай жасалған.

Жоғарыда айтылғандай  Шымкент қаласы спорт және бұқаралық спортты дамытуда толағай табыстарға қол жеткізіп келеді. Осы бағытта спорттың материалдық-техникалық базасын нығайтуда жүйелі жұмыстар қолға алынған. Биыл халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған 3 спорттық нысан ашылады деп жоспарланғанған болса жыл басынан бері екі нысан ашылып, пайдалануға берілді.

Солардың бірі – үстел теннисі спорт кешені. Құрылысты «Отау Строй» компаниясы жүргізді, нысанның жалпы аумағы 2 мың шаршы метрді алып жатыр. Жобаның жалпы құны – 1,2 млрд. теңге. 


Құндылық көп болса бірлігіміз бекем болады
Бұрынғы стадион жөндеуден кейін қайта ашылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу