Мақсат – оқушы уақытын тиімді өткізу

Oinet.kz 02-04-2023 480

сайт6 фото.jpg

Шымкентте мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді өткізуге көп көңіл бөлініп отыр. Аталған жоспарды жүзеге асыру мақсатында оқушыларды мектептен тыс түрлі үйірмелерге баулу қолға алынып жатыр. Соның бірі спорт. Бұл бағытта жан басына қаржыландыру бағдарламасы аясында жыл сайын артспортына бюджеттен қомақты қаражат қарастырылады. Қалалық денешынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, 2023 жылға жергілікті бюджеттен жан басына шаққандағы қаржыландыру жобасына 2.3 млрд теңге қаржы бағытталып отыр. Спорттық секциямен 20 000 баланы немесе 5-пен 18 жас аралығындағы балалардың жалпы санының 20 пайызын қамту көзделіп отыр. Былтыр спорттық секцияға 4-18 жас аралығындағы 14 000 баланы тарту жоспарланған еді. Ол жалпы балалар санының 16 пайызы. Биылғы жылдың 1 наурызындағы жағдайға сәйкес жан басына нормативтік қаржыландыру платформасына мыңнан астам өтінім келіп түсті. Соның  ішінде 113 кәсіпкердің өтінімі мақұлданыпты. Өз кезегінде ата-аналардан 33 864 өтінім қабылданса, 20 533 баланың ата-анасымен келісімшарт түзілді. Осы жоба аясында 338 жаттықтырушы және 200-ге жуық басқа да қызметкерлер жұмыспен қамтамасыз етілді. 

Ал қаладағы Оқушылар сарайының үйірмелері бала мен ата-ананың талабы мен сұранысына сай ашылған. Соңғы 3 жылдық жұмысқа мониторинг жасау нәтижесінде қазіргі жастардың ұлттық өнер, қолөнер және спортқа деген қызығушылығы артқаны байқалады. Аса қызығушылық танытқан үйірмелер қатарында ұлттық би және домбыра бар. Сонымен бірге жаңадан ашылған қолөнер үйірмелері:  құмыра жасау, ағаш өңдеу, былғары өңдеу, зергерлік, гобелен, киіз басу, тоқыма өнері балалардың қызы,ушылығы аса жоғары.  

«Өнерлінің өрісі кең», «Жігітке жеті өнер де аз» демекші, қазақ ұл-қызын өнерге баулуға  аса мән берген. Сондықтан ұлттық дәстүрлі өнерді қайта дәріптеу, өміршеңдігін жоғалтпау мақсатында домбыра, қобыз, жетіген, дәстүрлі ән, айтыс өнерін насихаттайтын 25 үйірмеге  бүгінгті таңда 400-ден астам бала қатысады. Бұл дегеніміз домбыра мен қобыз секілді ұлттық аспаптарға жас өрендердің құрметінің артқанын білдіреді.  Осылайша  дәстүрлі ән-жыр өнерін қайта жаңғыртуға мол мүмкіндік туып отыр.


Жастар тәрбиесі бірінші орында
Жастар лигасы – нағыз спорттық дода
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу