Жастар лигасы – нағыз спорттық дода

Oinet.kz 02-04-2023 411

сайт7 фото.jpeg

Жастар спорты туралы айтсақ бірінші ойға оралатыны – Шымкенттің төл жобасына айналған «Жастар лигасы». Бұл мектеп оқушылары командаларының арасында болатын спорттық жарыс. Оған спортқа қызығатын барлық оқушы қатысады. Бірнеше жыл қатарынан өтіп келе жатқан жарысқа республиканың барлық өңірлері қызығушіылық танытып отыр. Бір жағынан спорттық бәсеке оқушылардың уақытын тиімді өткізуге, дене шынықтырумен айналысып, жаман әдеттерден аулақ болуға итермелейтін күш. Жарыс соңында жеңіске жеткен командаға қомақты сыйлық тапсырылады. Осының өзі мектеп оқушыларын спортқа қызықтырып, жеңіске ұмтылдырады. Ауқымды жобаға  2021-2022 жылғы оқу жылы аралығында 151 мектептен футбол, волейбол, баскетбол, шахмат ойындарынан, яғни спорттың төрт түрі бойынша 514 команда, жалпы саны алты мыңға жуық мектеп оқушылары қатысқан болатын. Ал үшінші рет ұйымдастырылып отырған «Шымкент жастар лигасы» 2022-2023 оқу жылы аясында сол бұрынғы талапқа сәйкес қаладағы жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында өтетін болады. Сайысқа футбол, баскетбол, волейбол, шахматтан 138 мектептен құралған 514 команда, яки 5926 оқушы қатысады. Лигадағы командаларды қолдап, демейтін жарысқа қатысушы әрбір мектептен арнайы фанклубтар жасақталды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына орай бұқаралық спортты дамыту мақсатында кешенді бағдарлама әзірленді. Сол бағдарламаны жүзеге асыру аясында қаламызда жастар арасында ауқымды спорттық бәсекеге қолға алынды. Дені сау жас елдің келешегі. Сондықтан өскелең ұрпақтың өз Отанын сүйетін, жаудан қорғай білетін жігерлі де батыл болып өсуі мемлекет үшін өте маңызды. Спорт арқылы бірінші кезекте адамның денсаулығы күшті болады, екіншіден, денені шынықтыра отырып жастар еңбекқор, өз мақсатына қалай да жетуге тырысатын табандылы, ерік-жігері мықты азамат болып өсіп шығады. Сондықтан бұл жарыс пен жеңістер жастардың күреске толы өмір жолындағы алғашқы қадамы болмақ» деген еді шаһар басшысы М.Әйтенов.


Мақсат – оқушы уақытын тиімді өткізу
Жастар кәсіпкерлігіне қолдау басым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу